Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде 6 алтын жеңіп алды

Фарух Тоқтасынов (71 келі) соңғы бәсекесін де қарқынды өткізіп, украиналық Максим Молоданға еш мүмкіндік берген жоқ. Азамат Бектас (75 келі) поляк Михал Ярлинскидің әлсіз тұсын тауып, жүлделі болды. Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) ағылшын Рамтин Мусадан бір бас жоғары екенін дәлелдеді. Бұдан бөлек Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) соңғы айқаста украиналық Иван Завадскийге, Алмат Әбдуәли (60 келі) латвиялық Матвейс Прокудинске, Абзал Құттыбеков (86 келі) ағылшын Исаак Охоға төрешілер шешімімен жол берді. Нәтижесінде, қазақстандық боксшылар бұл жарыста 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдені иеленді. Еске салайық, бұған дейін Даниял Сәбит (51 келі) пен Аманат Сабырғали (+92 келі) қоламен шектелген еді.