№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл спортының биігі

Ауыл спортының биігі


Жаңақорғанда қос бірдей спорт мектебі бар. Екеуінің де жеткен жетістігі, бағындырған биігі бір төбе. Соның бірі Аққорғанда орналасқан №8 спорт мектебі. Негізгі орталығы осы округте болғанымен басқа елді мекендерде филиалдары бар. Әбдісаттар Садықов басшылық ететін мектептің іргетасы 2004 жылы қаланып, 2018 жылы су жаңа нысан бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бүгін осы №8 Олимпиадалық резервтің-мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тыныс-тіршілігі мен тұғырлы төрі туралы қысқаша сөз етпекпіз.

Белбеу, самбо және қазақ күресінің балуандары шыққан бұл мектептің тарихы өз алдына. Биыл құрылғанына 20 жыл болған бұл ордада белбеу күресінен бірнеше Әлем чемпионы шықты, Мереке Құдайбергенова, Меруерт Әбубәкір бастаған бұрымдылар мен Айберген Алдаберген бастаған білекті оғландар қазақ елінің туын көкте желбіретіп, әнұранын талай шырқатты. Шыны керек, белбеу күресінен өңірлер арасының үздік үштігін түйіндейтін Сыр мектебінің негізі жаңақорғандық саңлақтарда жатыр. Қаншама «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын алған жастар да жетерлік. 2021 жылдың қорытындысымен белбеу күресі бойынша Қазақстанның ең белді ауданы ретінде Жаңақорған танылды. Міне, спортшылардың маңдай тер, ерен еңбегі мен бапкерлердің білігі осыдан білінді. Одан бөлек, самбо және қазақ күресінен кіл мықтылар шықты.
Соңғы 7-8 жылын алып қарасақ осы балуандар аудан спортшылары арасындағы “Жыл үздіктері” аталып үлгерді. Диана есімді балуан қыз ең жас спортшы атанса, 2022 жылы Айберген жыл спортшысы атанды. Тағы бір айтатыны, әйелдер күресінің дамуында Гүлжан Жұманованың да еңбегі өте зор. Өзі де кезінде ел чемпионаттарында талай жүлде алып келген Гүлжан апай бүгінде мықты-мықты аруларды дайындауда. Ол кісі Жаңақорғаннан шыққан әйел жаттықтырушылар тізіміндегі үздік бестікке енген білікті бапкер. Белбеу күресі мен самбо, қазақша күресті қорытындылайтын болсақ, білікті басшы, белді бапкер Әбдісаттар ағайдың орны бір төбе. Ол кісінің ауыл спортына сіңірген еңбегі өте зор.
– Құрылғанына 20 жыл болған мектептің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігі қуантады. Қаншама Әлем чемпионы шықты, сары құрылықтың мықтылары да бізден көрінуде. Волейбол, гандбол, футбол, таеквандо, ауыр атлетика спорты да қарқын алып келеді. Бұйырса, кеелр жылы бұдан да биіктен көрінуге барымызды саламыз. Ең бастысы, ауыл спортының болашағы зор, тек осы тұғырдан таймауымыз керек, – деді мектеп директоры.
Балуандар демекші, бұл мектептен қазір еркін күрестен жас жеткіншектер өсіп келеді. Айдар Әбенов бастаған бапкерлер көшінің нәтижесі көңіл қуантады, шәкірттері облыстық, республикалық турнирлерде топ жарып жүр. Негізі Сыр елінің еркін күрес мектебінің іргетасы Жаңақорғанда қаланған. Ел егемендігін алғаннан бері Әлем және Олимпиада ойындарында біздің балуандар тер төгіп, тұғыр төрінен көрінді. Сол чемпиондық жол жалғасып келеді десек болады.
Келесі кезекте волейболды айтуға болады. Жаңарық волейболының да қарқыны қатты болып келеді. Бәсекелестік қалыптастырып, аудан волейболының көшін алға сүйреп жүр. Аудан емес, Сыр спортының биігін танытып жүрген тағы бір спорт түрі бар. Ол гандбол, бүгінде қызылордалық қыздар ел чемпионатының үздік үштігінде жүр. Сол аймақ гандболының басым көбі біздің, Жаңақорғанның қыздары.
Бұл мектептің абырой беделінің бір белесі гандбол спортына да байланысты болып тұр. Жақында өткен облыстық ауыл спортының спартакиадасында бұл гандболшы қыздардың екпінін ешкім баса алмады. Өзге аудан құрамалары біздің арулардың мықтылығын тағы мойындады. Ұлттық құрамаға шақырту алып жүрген ойыншылардың деңгейі бір бөлек.
Қысқаша қайырғанда, спорт мектебінің тарихы осылай толығып келеді. 20 жылда жеткен жетістік аз емес, әлі де бағындырар белес алдымызда деп сенеміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
05 қараша 2024 ж. 663 0