Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Толағай төріндегі тартыс

Толағай төріндегі тартыс

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ата-анамен бала арасындағы спорт мәдениетін кеңірек насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында бұқаралық спорт сайыстарының жиі өтуі аса маңызды. Әсіресе, дені сау ұрпақ өсіріп, оларды отбасылық құндылықтармен нәрлендіріп, жетілдіру бұл бірінші кезектегі парыз. Осыны мақсат еткен «Толағай» сайысын ұйымдастыру дәстүрге айналып келеді. Бұл спорттық сайыс біздің ауданда да көрніс тауып, жас жанұялар жарысып, жүлде жолында барын салды.

Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Аймақта отбасы-демографиялық саясатты дамыту» қызметі бойынша өткен дүбірлі дода аудан орталағындағы стадионда ұйымдастырылды. Ережеге сай жас ерекшелітеріне байланысты бұл сынға 6 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жаңақорған кенті, Қосүйеңкі, Жайылма, Қожакент, М.Нәлібаев және Талап ауылдық округінен келген жас шаңырақ иелерінің дайындықтары жаман емес.
Ережеге сай қатысушылардың жасы 35-тен аспауы керек және команда құрамында 2-3 бала болуына рұқсат етілген. Алғашқы кезеңде допты екі аяғына қыстырып, белгіленген аумақты жүгіріп өтіп, келесі ойыншыға беруі тиіс. Екінші кезеңде қапқа кіріп, белден жоғарыға дейін ішіне еніп мәре сызығын жүгіріп өтуі керек. Үшінші кезеңде арқан тартыс және соңғы турда қаппен ұрып құлату. Төрт кезеңнің ұпайлары қосылып, ортақ баға беріліп, үздіктер анықталды.
– Бір шаңырақта орныққан ынтымақты, бірлікті, сыйластықты дәріптейтін жас отбасылардың байқауы біздің ауданымызда жыл сайын дәстүрінен жаңылмай ұйымдастырылып келеді. Ол тек спорттық шаралардан тұрмайды. Мәдени-рухани жиындар жиі өтеді. Басты мақсаты – қазақ қоғамындағы өзіміздің ұлттық идеологиямызды, салт-санамызды, бірлік-берекемізді қайта қалыптастыру. Жетілдіре түсуді көздейді. Өйткені, өркениет көшіне қадам басқан елдердің барлығында ұлттық тәрбие, салауатты өмір, рухты ұрпақ өсіп келеді десек болады. Сондықтан осындай бұқаралық спортты дамытуға, қоғам алдындағы қызығушылықты қалыптастыруға қолқанат болып, еңбек етіп жүрген шаңырақтарға алғыс айтамыз, – деді жауапты бөлім басшысы Әбілғазы Берденұлы.
 Иә, өркениетті дамыған қоғамды тек — дені сау адам ғана құра алады деп айтар болсақ, жастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу басты міндетіміз. Сонымен кім мықтының ішінен кіл мықтыны сарапқа салған отбасылық сайыстың  нәтижесі бойынша Қосүйеңкіден келген Нұржігітовтар отбасысы бірінші тұғырдан көрінді. Ал, күміске қожакенттік Бакировтар, қолаға жайылмалық Нысанбековтер әулеті қол созды. Қалған қатысушылар да сыйлықсыз емес, олар да ынталандыруға бөленді. Атап айтсақ, Талаптан Айтжановтар, М.Нәлібаевтан Дүйсенбековтер және кенттен Дүйсеновтер қатысып, сайыс көркін қыздырды.
–  Сайыс кезеңдері бірінші рет қатысқаннан кейін ба, өте ауыр болды. Бірде оздық, енді бірінде орта жолда тұрып қалдық, әупірімдеп жүрген үздік шықтық. Бұйырса келесі жолы да қатысуға ниеттімін, чемпиондығымды қорғап қалуым керек. Жалпы шараның берері мен тәлім-тәрбиесі  өте жоғары. Жиі-жиі өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Жарыста баланың анаға деген сүйіспеншілігі, әкеге арқа сүйеп, күш-қуат алатынын түсіндік. Міне, тәрбие осыдан басталады, – деді жарыс жеңімпаздары.
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. Қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылған шара осының дәлелі десек те болады.
Әли ТЕМІРБЕК
19 мамыр 2024 ж. 641 0