№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Толағайлар топ жарды

Толағайлар топ жарды

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату бүгінгінің басты міндеті. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу маңызды. Осы мақсатта аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшілері Намат Ашимов пен Фарида Маханованың және «Заңғар» интеллектуалды мектебі бірлесе отырып отбасылық «Толағай» сайысын өткізді.
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
Бұл отбасылық құндылықтарды, ана мен әкенің қоғамдағы рөлін айқындау, маңызды ету мақсатында өткен жарысқа теміржол саласының еңбеккерлері бала-шағасымен бірге қатысты. Жанталасқан ойыншылар сайыстың белгіленген ережесін бұзбай, мәреге бірінші болып жету үшін жарысты. Ойын қызықты өтті. Ата мен баланың арасындағы байланысты, сүйіспеншілікті нығайта түсті. Осындай жарысты ұйымдастырар алдында аудандағы жастар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасауды мақсат еткендерін айтты. Сайысқа қатысушы отбасылардың барлығы ойынға қызу кірісті. Арқан тартысты. Доп ойнады, секірді, жүгірді, тіпті есеп те шығарды.Нәтижесінде Тұрғанбаевтар отбасы «Super отбасы», Әлімхановтар отбасы «Сайыс сайыпқыраны», Сырлыхановтар отбасы «Жүйрік отбасы», Азаматовтар отбасы «Жарасымды отбасы», Серік­жанның отбасы «Шымыр шаңырақ» номинацияларымен марапатталып, жең­іс тұғырынан көрінді.
Гүлдана МЕДЕУҚЫЗЫ,
«Фарида-Көркем»
балабақшасының тәрбиешісі
07 қараша 2021 ж. 993 0