Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Димаш жаңа қызметте

Димаш жаңа қызметте

Қазақстан бокс федерациясынан сүйінші жаңалық жетті. Төрешілер алқасына жаңа төраға тағайындалды. Қайрат Жұманқұловтың орнына Жаңақорған ауданының №7 спорт мектебіміздің бокс бөлімінің жаттықтырушысы Абайхан Дінмұхамед Абайханұлы келді.
Дінмұхамед Абайханұлы 2012 жылдан бастап бокстан төрешілік жасап келеді. 2023 жылдан бастап Халықаралық дәрежедегі ІВА 2* төрешілерінің қатарында. Ол бұған дейін халықаралық турнирлер мен кәсіби бокс кештерінде төрелік жасады. Жерлесімізді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймыз! Айта кетейік, ол аудан спортынан алыстамайды. Сондықтан бұдан да биіктерден көріне беруіне тілектеспіз. 
Бұл ауданның ғана емес, Сыр елі үшін де үлкен мақтаныш. Алға, Димаш!
07 сәуір 2024 ж. 1 071 0