» » Волейбол жарысы тартысты өтті

Волейбол жарысы тартысты өтті


2024 жылы 24-26 наурыз күндері аралығында Отырар ауданы, Шәуілдір елді-мекеніндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы спорттық сауықтыру орталығында Отырар ауданының "Құрметті азаматы" Құрманбеков Мамыт Дәуренбекұлын еске алуға арналған 2007-2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында волейболдан облыстық турнир өтті.

Облыстық турнирдің мақсаты - Қазақстан Республикасының Президентінің салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жолдауын іске асыру, жасөспірімдер арасында "Біз есірткі қарсымыз!" атты ұранмен патриоттық рухта тәрбиелеу, облыс аумағында ұлдар арасында волейбол спортын дамыту және шеберлігін шыңдау. Жарысқа Түркістан облысының аудан, қалаларынан жалпы 13 команда қатысып, бақтарын сынады. Осы додалы жарысқа Сайрам ауданынан қатысқан "Ақсу жекпе-жек спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірттері керемет ойын өрнегін көрсетіп, бар шеберліктерін ортаға салып, жүлделі III орынға ие болды.
Әрбір үлкен жеңістің артында бапкердің қажырлы еңбегі тұрады. Спортшыларымызды додалы жарыстарға дайындаған Жаттықтырушысы: Эгамбердиев Кабулжан мырзаны және спортшыларымызды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз!
27 наурыз 2024 ж. 472 0