№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Еркін күрестен турнир өтті

Еркін күрестен турнир өтті



Жаңақорған кентінде спорт жанашырлары А. Омаров пен Ғ. Бердиевтерді еске алуға арналған еркін күрестен 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар және әйелдер күресінен 2009-2010 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Республикалық турнир басталды. Республикалық турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы турнирдің өскелең ұрпақ үшін берері мол екендігін және осы турнирден түлеп ұшып, бүгінгі таңда Әлем, Азия шыңдарын бағындырған чемпиондар қатары жылдан-жылға артып келетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ауданымызда спорт саласының инфрақұрылымын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге Қырғызстан мемлекетінен, еліміздің Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Шымкент қаласы және облысымыздың аудандарынан 13 команда 300-ге жуық спортшы қатысуда.
Жарыс 14 мамыр күні қорытындыланады.
12 мамыр 2023 ж. 122 0