№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Темірбек турнирі жалғасты

Темірбек турнирі жалғасты


Жаңақорған кентінде ұлағатты ұстаз, білікті бапкер Темірбек Жарықбаевты еске алуға арналған 9-11 сынып оқушы ұлдар арасында аудандық ашық тунир өткізілді. Дәстүрлі баскетбол турнирі бірнеше жыл үзіліс алып, қайта жалғасын тапты. Турнирге жалпы білім беретін мектептерден 6 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.


Темірбек Дүйсенбайұлы аудандағы семсерлесу спортының негізін қалаушылардың бірі, кейіннен баскетболдың тұғырын биікке көтеріп, қаншама шәкірт тәрбиеледі. Солардың көшінде жүрген Қанат бапкер, Дильяра ұстаздың еңбегі бүгінде аудан спортында бір төбе.
Бүгінгі спорт додасына Жаңақорған мектептері мен көршілес Шиеліден жас өрендер арнайы келіпті. Тартысты өткен турнирдің нәтижесінде Шиелі ауданы, №9 спорт мектебі жеңімпаз атанса, №51 орта мектебі күмісті қанағат тұтты. Қола жүлде №7 спорт мектебінің оқуышларына бұйырды. Жеңімпаз командалар аудандық мәдениет және спорт бөлімінің грамота және медальдарымен, бағалы сыйлықтары және демеушілердің де бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Әли ТЕМІРБЕК
17 қаңтар 2024 ж. 632 0