Соңғы жаңалықтар

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қанатқа қола бұйырды

Қанатқа қола бұйырды

Сыр елінің еркін күрес балуандарының көшін бастап жүретін Қанат Мұсабеков биылғы жылды жақсы нәтижемен түйіндеді. Қарағанды қаласында өткен Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіровты еске алуға арналған грек-рим және еркін күресінен республикалық турнирде ол қоламен қуантты. Иә, турнир демесеңіз, елдің кіл мықты балуандарының басын қосқан додада Сыр елінің балуандары да барын салды.

74 келіде ұлттық құраманың үздік үштігіне енетін Қанат бұл турнирге өз салмағында өнер көрсетті. Жартылай сынға дейін сүрінбеген ол тек аз ғана ұпаймен есе жіберіп, қола үшін белдесуге мүмкіндік алды. Тәжірибелі балуанға бұл сында қол бұйырып, жерлестері, жаңақорғандық жанкүейерлер дән риза болды. Марқұм Қайрат Оралбековтың төл шәкірті қазір Серік Абдімәуленовтен тәлім алып, әлі де айтары барын білдіріп жүр.

– Биылғы нәтижелер көңіл қуанта қоймады. Алла жазса келер жылға дайындық осы бастан басталды. Мақсатым алдымен ел чемпионы атану, одан кейін Азия чемпионаты бар, одан кейін Олимпиадаға жолдама алатын турнирлер бар, Әлем чемпионаты да күтіп тұр. Сондықтан бар күш-жігерімді салуға тырысамын. Өйткені менің де спорттық мансабым аяқталуға жақын. Әзірге бойымда қуат барда арман-мақсатыма жетуге тырысамын. Қалғанын уақыт көрсетер деді, – деді балуанымыз. Иә, Қанат қазір Сыр елінің еркін күрес балуандарының тізімінде көш басынды. Біз Қанат және Азамат Шағапұлыдан сүйіншілейтін жаңалық күтеміз. Алла жар болсын дейміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
11 желтоқсан 2023 ж. 770 0