№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азияның алтыны Олжаста

Азияның алтыны Олжаста

Қытай елінің Ханчжоу қаласында ІV жазғы пара Азия ойындары аяқталды. Сары құрлықтың кіл мықтыларының басын қосқан дүбірлі додада қазақ спортшылары жақсы нәтиже көретті. Әсіресе, дзюдошылар атой салып, қазақ елінің қоржынына 14 жүлдені салып берді. Оның ішінде, жерлесіміз, жаңақорғандық Олжас Оразалыұлы алтыннан алқа тағынып, ел мерейін үстем етті.
Азия ойындарына 131 атлетіміз спорттың 14 түрінен қатысып, 8 «алтын», 12 «күміс» және 21 «қола» медальмен командалық есепте 11 орынға тұрақтады. Жарыста спортшыларымыз 3 Азия және 4 Азия Пара ойындарының рекордын орнатты. 20-ға жуық пара дзюдошымыз өнер көрсетіп, 3 алтын, 4 күміс және 7 қола жүлдеге ие болды.Пара дзюдодан ұлттық құрама Азия пара ойындарында медальдік есепте 2-орынға орнықты. Бірінші орында 5 алтын, 2 қола және 4 күміс медальмен Қытай тұрса, үшінші орынға 2 алтын 1 күміс, 3 қола медальмен Иран тұрақтады.
Азия ойындарының алғашқы жарыс күні қазақ елін алтынмен сүйіншіледі. Ол J2 санаты бойынша 73 келі салмақта өнер көрсетіп, туымызды көкке желібертті. Жартылай сында Токио Параолимпиадасының қола жүлдегері жапониялық Юджиро Сэтоны 10:0 есебімен жеңіп финалға шықты. Ақтық бәсекеде өзбекстандық Феруз Саидовты «иппон» әдісімен таза жеңіп, алтынды сыйға тартты.
– Төрт жылда бір келетін Азияның басты спорт додасы болғандықтан қарсыластар өте мықты дайындықпен келіпті. Дзюдодан жапондықтар рейтингте бірінші тұрады. Кейінгі жылдар өзбекстандық балуандар да көште келеді. Міне, сондай мықты қарсыластарды жеңіп, алтын алғаныма қатты қуандым. Бұл тек менің ғана жеңісім емес, барша қазақстандықтардың ортақ жеңісі. Жанкүйерлер мен бапкерлеріме алғыс айтамын. Бұйырса, келер жылы Париж төрінде де өнер көрсетіп, байрақты желбіретемін деген сенім бар, – деді чемпион.
Иә, келесы жылы Парижде параолимпиада ойындарының алауы тұтанады. Біз сол додада Олжастың алтын тұғырдан көрінуіне тілекшіміз. Жанарбек Сансызбаев пен Руслан Беркімбайдың тәлімін алатын Олжастың алғашқы бапкері Біржан Иманбаев екенін мақтана айтуымыз керек. Төл шәкіртінің әрбір төрге озғанын сүйіншілеп, ауылдағы ағайынның қуанышымен бөлісетін алғашқы бапкерімен де тілдескен едік.
– Олжастың әрбір жетістігі менің де мерейімді өсіріп тұр. Шыны керек, Олжастың таланты бала кезден байқалып, спортқа деген шынайы махаббатына сол кезде куә болған едік. Енді міне, Әлем чемпионы болды, Азия ойындарының алтынын арқалады. Бұйырса, Олимп шыңын күтеміз. Ауылдағы ата-анасы мен достары үнемі демеп, жанкүйер болып, тақымды қысып отырады. Жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз, – деді бапкері Біржан.

Әли ТЕМІРБЕК
31 қазан 2023 ж. 443 0