№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Шахмат керуені» Қызылорда қаласына келеді

«Шахмат керуені» Қызылорда қаласына келеді

Бір айда Қазақстанның 12 аймағында турнир өткізіп шыққан «Шахмат керуені» 14 қазан күні Қызылорданың үздік ойыншыларын анықтайды. Керуеннің келуіне орай сағат 10:00-де орталық алаңда салтанатты іс-шара өтеді.
Қазақстан шахмат федерациясының аймақтардағы интеллектуалды спорт түрін дамыту үшін қолға алған жобасына Freedom Broker компаниясы бас демеушілік жасап отыр.


Шара барысында шахмат федерациясының облыстық филиалы ашылып,швейцарлық жүйе бойынша 11 кезеңнен тұратын блицтен турнир өтеді. 20 адам бақ таластыратын шахмат додасында үш жеңімпаз ғана гранд-финалға жолдама алады.
Одан бөлек, жартылай финалдың 3 қатысушысы «Әйелдер арасындағы үздік нәтиже»,«16 жастан кіші үздік ойыншы» және «50 жастан асқан үздік қатысушы» аталымдары бойынша марапатталып, ақшалай сертификаттарға ие болады.
Турнирден кейін керуеннің құрметті қонағы, жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық деңгейдегі шахмат шебері Әсел Серікбай бір мезеттік ойын сеансын өткізеді. Сеансқа алдын-ала тіркелген 10 әуесқой шахматшы қатыса алады.
Айта кетсек, қараша айында Түркістанда өтетінгранд-финалда 60 ойыншы арасынаноза шапқанжеңімпаз 5 миллион теңгені өз қанжығасына байлайды. Ал керуеннің жалпы жүлде қоры 16 миллион теңгені құрайды. 
 
13 қазан 2023 ж. 303 0