№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бүгін Алматыда футболдан «Қайрат» пен «Пахтакор» жолдастық кездесу өткізеді

Бүгін Алматыда футболдан «Қайрат» пен «Пахтакор» жолдастық кездесу өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында футболдан қазақстандық «Қайрат» және Өзбекстанның «Пахтакор» командасы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. inform.kz


Кездесу бүгін, 19 шілдеде Алматы қаласындағы Орталық стадионда елорда уақытымен 20:00-де басталады.
Орталық Азиядағы қос команда арасындағы дерби тоқсаныншы жылдарға дейін жанкүйерлерге үлкен қызығушылық туғызатын. Соңғы рет командалар 1990 жылдың 15 мамырында КСРО біріншілігінде өтті. Бұл жолы «Пахтакор» 1:0 есебімен басым түсті.
Биылғы жылдың ақпан айында Ташкент қаласында болған алғашқы жолдастық кездесуде өзбекстандық клуб 4:3 есебімен жеңген еді. Алматылық клубтан Гүлжігіт Алықулов және Жоао Пауло (2 гол) көзге түсті.
Еске салсақ, 29 шілдеде «»Super Bol 2.0 жобасы» бойынша Астанада футболдан гранд-финал өтеді.
19 шілде 2023 ж. 652 0