Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Чемпиондар лигасы: «Астана» «Динамо Тбилиси» командасымен қарымта ойын өткізеді

Чемпиондар лигасы: «Астана» «Динамо Тбилиси» командасымен қарымта ойын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» сырт алаңда «Динамо Тбилиси» (Грузия) командасымен қарымта ойын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. inform.kz


Кездесу 19 шілдеде елорда уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Елордада өткен алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
«Динамо Тбилиси» (Грузия) 1925 жылы құрылған. КСРО біріншілігінде 1964, 1978 жылдары чемпион атанды. Ал 1990 жылдан бері өз елінде 18 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ, 1981 жылы UEFA кубок иегерлері кубогында бас жүлде алды.
Жеңімпаз ұжым екінші іріктеу сатысында «Динамо Загреб» командасымен шеберлік байқасады. Ойын 25 шілде және 1 тамыз күндері болады.
19 шілде 2023 ж. 524 0