№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Қайсар» 11 ойыннан кейін жеңіске жетті

«Қайсар» 11 ойыннан кейін жеңіске жетті


Kyzylorda-news.kz. Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он алтыншы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған турда бүгін үш кездесу өткізілді. Ал төрт кездесу кеше болды.
Бүгінгі алғашқы ойында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуынан» 2:1 есебімен басым түсті. Бұл кездесудегі үш гол да пенальтиден соғылды. Бірінші кезеңнің 19-минутында талдықорғандық Аслан Әділ сол мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. Ал қостанайлық клубтан Неманья Николич 37, Азат Нұрғалиев 47-минуттарда қақпашыны қапы қалдырды.
Тағы бір кездесуде Қызылорданың «Қайсары» сырт алаңда Ақтаудың «Каспий» клубын 4:2 есебімен жеңді. «Қайсар» құрамынан бірінші кезеңнің 25-минутында Кларенс Битанг қарсыластар қақпасының торын тулатса, екінші кезеңнің 74, 78-минуттарында Каролис Лаукжемис қос голдың авторы атанды. Ал Думан Нәрзілдаев 85-минутта есепті ұлғайтса, оған «Каспий» құрамынан Руслан Мингазов 86, Рамазан Каримов 90-минуттарда екі голмен жауап қайырды. Осылайша қызылордалық команда 12 ойынға созылған сәтсіздіктер сериясын тоқтатты.
Алматының «Қайраты» Түркістанда жергілікті «Тұран» командасының 3:0 есебімен осал тұсын тапты. Ойынның 12-минутында алматылық клубтан Вагнер Лав гол соқса, одан кейін Артур Шушеначев 47, Арсен Буранчиев 66-минуттарда есепті үстемелей түсті.
Айта кетейік, аталған турдағы төрт ойын кеше, 18 маусымда өткізілді. Бұл күні өз алаңында «Қызылжар» «Ақжайықтан», «Ордабасы» «Ақтөбеден» 0:1, «Атырау» «Астанадан» 0:2 есебімен жеңілсе , «Шахтер» «Таразды» 1:0 есебімен тізе бүктірді.
20 маусым 2021 ж. 373 0