Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауыр атлеттер жалпы командалық есепте бірінші орын алды

Ауыр атлеттер жалпы командалық есепте бірінші орын алды



Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Айта кетсек, әлем чемпионаты 11-18 маусым аралығында Мексиканың Леон қаласында өткізілді. Дүбірлі додада қазақстандық ауыр атлеттер 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иегері атанды. Нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орын алды.
Әлем чемпионатында ел құрамасынан Ерасыл Сәулебеков (67 келі), Едіге Емберді (73 келі), Денис Полубояринов (80 келі), Никита Абдрахманов (102 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді. Ал Надежда Ли (62 келі) күміс алса, Александра Беленко (40 келі) және Ерасыл Омаров (55 келі) қола жүлдеге қол созды. Жалпы командалық есепте Колумбия және Түркия құрамалары үздік үштікке жайғасты.
19 маусым 2022 ж. 552 0