№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАМБЫ АТУ: ҒАЛЫМЖАН АЛТЫН ТҰҒЫРДА

ЖАМБЫ АТУ: ҒАЛЫМЖАН АЛТЫН ТҰҒЫРДА

  Жамбыл өңірінде Жамбы атудан өткен Қазақстан Республикасының V чемпионатында жамбы атудан алғаш рет қызылордалықтардың мерейі үстем болды. Жаңақорғандық жас мерген Ғалымжан Өміртай елішілік жарыстың бас жүлдесін иеленіп, Сыр өңіріне алтын сыйлады.
Тараз төрінде өткен жамбы ату чемпионатының жүлдесін 22 спортшы сарапқа салған болатын. Ұлдар мен қыздар арасында өтетін дүбірді көру үшін алыс-жақын елдерден қонақтар келіпті. «Қалқан ату» мен «Жамбы ату» бәсекесі бойынша өткен елішілік додада Қызылорда облысы командасының мерейі үстем болды. Бұған дейін жастар арасындағы елішілік чемпионатта екі жыл қатарынан қоламен қуантқан Ғалымжан бұл жолы алтынмен сүйіншіледі.
Иә, небәрі 19 жасар мергеннің ересектер арасындағы алғашқы қадамы сәтті басталды. Жамбы ату бәсекесінде жеке-дара шыққан ол «Алтын жебе» халықаралық турнирінің жүлдегері, Әлем чемпионы, Жамбыл облысы командасының бас мергені Абзал Тулыбеков, Айкөз Ералхан, Айтбек Сарыбай сынды мергендерден асып түсті. Тіпті, оның шеберлігіне ұлттық спорт мамандарының өзі таң қалып, жоғары баға берді. Жебесін алтын жамбы мен күміс жамбыға кезек-кезек қадаған чемпион:
– Ересектер бәсекесіндегі алғашқы жарыс болған соң қобалжу болды. Дегенмен, екі жыл қатарынан алған қола маған үлкен сабақ болып, содан керемект қорытынды шығара алдым. Бапкерлеріме, қодау көрсеткен жанкүйерлер мен ата-анама алғыс білдіремін. Бұл менің алтын жолындағы алғашқы баспалдағым, әлі талай биіктерді бағындырамын, – деді.
Әкесі, әрі бапкері, жалпы Сыр өңірінің ат спорты түрлерінен аға жаттықтырушысы Исламхан Боранбаевтан тәлім алатын ол Әбдіғаппар елді мекенінде 1999 жылы дүниеге келген. Ат құлағында ойнайтын ауылдас аға буыннан сабақ алып, қызығушылығы ерте оянғанымен, ол осы спортқа үш жыл бұрын келіпті.
– Ғалымжан үшінші ұлым, бала кезден атқа мінуге қатты қызығатын. Десе де, үлкен спортқа 16 жасында келді. Міне, нәтижесінде ел чемпионы атанып үлгерді. Ендігі мақсат байрақты бәсекелерде бақ сынау. Сондықтан, жаттығудан қол үзбей, күзде өтетін Азия чемпионатына дайындалуымыз керек, – деді білікті бапкер Исламхан.
Сонымен қос кезең бойынша 29 ұпай жинаған жерлесіміз алтыннан алқа тағынса, жамбылдық Абзал Тулыбеков 25 ұпаймен күмісті қанағат тұтты. Ал, қола жүлде Түркістаннан келген Айкөз Ералханға бұйырды.
Айта кетейік, ат спорты түрлерінен обыс құрамасын жаңақорғандық жігіттер құрайды. Құрылғанына он жыл болған команданың толағай табыстары бір төбе. Көкпар, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақтан републикалық аламандарда үздіктер қатарындамыз. Енді міне жастар жеңісті жолды жалғап, алтын тұғырды бағындыра бастады. Ғалымжанның жарқы болашағы алды деп күтеміз...

Әлібек ТЕМІРБЕК.

28 мамыр 2019 ж. 1 256 0