№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Чемпиондар лигасы: Реал Мадрид пен Манчестер Сити тең түсті

Чемпиондар лигасы: Реал Мадрид пен Манчестер Сити тең түсті

Мамырдың 9-ынан 10-ына қараған түні UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы алғашқы ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл күні «Реал Мадрид» (Испания) пен «Манчестер Сити» (Англия) шеберлік байқасты.
Қарсыластар былтыр Чемпиондар лигасының жартылай финалында кездескен. Екі ойынның нәтижесімен «Реал Мадрид» (3:1, 3:4) финалға жолдама алған еді. Жанкүйерлер көңілінде «сол кеткен есені ағылшындық клуб қайтара ала ма?» деген ой болды.
Алғашқы минуттан «Манчестер Сити» ойыншылары шабуылға шықты. Оған алаң иелері лайықты төтеп бере білді. Есесіне 36-минутта «Реал Мадрид» сапынан Винисиус Жуниор өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Ойынның 67-минутында «Манчестер Сити» сапынан Кевин Де Брёйне таразы басын теңестірді.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Командалар қарымта ойынды 17 мамырда өткізеді.
Енді мамырдың 10-ынан 11-іне қараған түні «Интер» (Италия) мен «Милан» (Италия) кездеседі.
Финал 10 маусымда Түркияның Стамбул қаласындағы Олимпиадалық стадионында өткізіледі.
​​​​
10 мамыр 2023 ж. 159 0