№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Саңлақ спортшы Санжар

Саңлақ спортшы Санжар

Санжар Маратұлы достары мен сыныптастары арасында «Джеки Чанн» есімімен жақсы танымал. Олай атауға себеп те жоқ емес. Өйткені небәрі 3 сыныпта оқитын кейіпкеріміздің таэквандодан жеткен жетістігі бір басына жетіп артылады. Талабы таудай болашақ ұлды арнайы жаттығу залына іздеп барған едік.

 Ауданда еңсесін тіктеген спорттың бір түрі таэквандо. Соған қарамастан №7 Жаңақорған ауданының спорт мектебінде жаттығатын Санжардың бұл спорт түрімен шұғылданып жүргеніне көп бола қойған жоқ. Таэквондомен айналысқанына екі жылдан енді асқан жеткіншек спортшының жаттықтырушысы Нұрболат Әбласан да осал жігіт емес. Оның осы спорт түрінен қара белбеу бірінші дан иегері, спорт шебері, түрлі халықаралық турнирдің жеңімпазы деген атағы бар. Ал Нұрболаттың қол астында жаттығатын өрендердің жеңісі мен жетістігіне қызыға да, қызғана да қарауға болады. Өйткені мұндай жаттықтырушының шәкірті де мықты болуы заңдылық. Солардың қатарында талай мәрте аудан мерейін үстем еткен кейіпкеріміздің де республикалық турнирлердің жеңімпазы және таэквондодан бірінші разряд, жасыл белбеу иегері деген дәрежесі бар. Бұдан бөлек қаншама марапаттың төрінен көрінген немересін отбасы мүшелері де мақтан тұтады. Спорттан Қазақстанның атын әлемге танытсам деген арманы бар Санжарды қаншама баланың арасында жаттығып жүрген жерінен бір сәтке кідіртіп, әңгімеге тарттық. Ентігін басып, қойған сұраққа үлкендерше жауап берген баланың әр қылығына сүйсіндік.
– Кішкентай кезімде шпагатқа отыруды қызық көретінмін. Бұл әрекетімді көрген үйдің үлкендері қандай әдіс қолдану керектігін көрсетті. Содан көп өтпей-ақ үйреніп алдым. Ата-анам талабымды танып таэквандо үйірмесіне берді. Мұндағы достарым «Джеки Чанн» деп ат қойды, – деп жауап қатты ол.
Сұрақ-жауаптан соң, оның өнерін тамашаладық. Өзгеден ерек қасиеті көп баланың, аяғын сермеуі, айналып тұрып қайшылап тебуі, өте шапшаң қимылы шынымен таңқалдырды. Бапкері берген бағыт-бағдарға мұқият мән беріп, әдіс-тәсілдерді шыңдауға күш салатыны көрініп-ақ тұр. Әрбір тактикасы чемпион болсам деген арманына жақындата түскендей.
– Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап Санжарды ата-анасы, ата-әжесі маған сеніп тапсырды. Екі жылдан асты қарамағымда жаттығып келеді. Осындай талантымен болашағынан зор үміт күттіретінін үнемі айтып отырамын, – дейді ұстазы.
Бойында чемпиондық рухы бар өреннің болашағынан зор үміт күтеміз. Бос уақытында спорттан бөлек сурет салғанды, атасының тәлімді әнгімелерін тыңдағанды және онымен жаттығу жасауды жақсы көретін болашақ чемпион сабақ жағынан да қатарының алды. Міне, осындай қасиеттерімен ерекшеленетін, әрбір іс-қимылын ақылға салып қолданатын жас өреннің келешегінен мол үміт күтуге болады.


Лаура БИБАСАРОВА
16 қаңтар 2023 ж. 302 0