№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҚҚОРҒАННАН ОЛИМПИАДАҒА ҚАДАМ

АҚҚОРҒАННАН ОЛИМПИАДАҒА ҚАДАМ

Өткен жылы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Аққорған ауылдық округінде заманауи спорт кешені ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілген болатын. Сәулеті мен дәулеті асқан аудандағы екінші спорттық нысанның бұл ауылдан ашылуының да себептері бар.

Өйткені, Белбеу мен самбо күресінен Сыр елінің намысын қорғап жүрген спорт саңлақтары осы елдімекенде тұрады. Бір ғана, Нұрлыбек Алдабергенов, Мереке Құдайбергенова мен Меруерт Әбубәкір, Диана Ғайбулла сынды саңлақтар ауылда шынығып, Әлем мен Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған. Кең сарайдай денешынықтыру кешені соңғы үлгідегі спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бірінші қабатында волейбол, гандбол, күрес түрлерімен шынықса, екінші қабатта көрермендерге жайлы 160 орындық пен бокс залында ринг орнатылған. Жалпы саны 878 шәкірт спорттың 12 түрінен шынығады. Қос-қостан киім ауыстыратын бөлме мен сусебізгісі қолжетімді бола түскен. Салқын су мен ыстық суы спортшылар үшін тазалықтың кепілі. Бұған дейін қабырғалары қаусап, едені ескірген спорт мектебінде шыныққан спортшылардың қуанышында шек жоқ. 
Еңселі нысанға ауылдағы №8 «Жаңақорған ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» орналасқан. Аталмыш спорт мектептің директоры, халықаралық дәрежедегі төреші Әбдісаттар Садықов аққорғандық балуандардың бүгінгі күнге дейін бағындырған белесін тарқата айтып берді. Оның айтуынша, 2004 жылдан жұмысын бастаған спорт мектебінде қазіргі дейін 20 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 300 спорт шеберіне кандидат, 120 І-разрядты спортшылар шыққан. Оған қоса, 8 әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, 12 Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері Сыр елінің намысын шетелде асқақтатқан. Сондай-ақ Әбдісаттар Садықов бүгінгі таңда спорт мектепте спорттың 12 түрінен яғни, волейбол, гандбол, қазақ күресі, дзю-до, самбо, белбеу, еркін күресі, таэеквандо, ауыр атлетика, футболдан жасақталған 60 топта 878 бала шынығуда екен. Мұның барлығы да келешек чемпиондар. 
Иә, белбеу мен самбо күресінен облыс намысын қорғап жүрген түгіскендік спорт тарландары заманауи үлгідегі денешынықтыру-сауықтыру кешеніне толыққанды көшкеннен кейін, бұдан биік белестерді бағындырары айқын. Ең бастысы – ауыл баласының алаңсыз жаттыуғына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. 
Әзірге осымен тәмам. Келесі де Түгіскендегі 140 орындық балабақша мен өнер мектебінің өрелі істерін тарқата айтамыз. 


Әбдісамат ӘБДІШ.
30 наурыз 2019 ж. 834 0