№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбек ардагерінің есімі ұлықталды

Еңбек ардагерінің есімі ұлықталды


Қыркүйек айының 17 жұлдызында еңбек ардагері Есалы Тұрсынбайұлын еске алуға арналған қазақ күресінен 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир болып өтті. Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы қатысты. Айта кетейік, турнирге 9 облыстан үздік деп танылған 150-ден астам балуан қатысып, өз бақтарын сынады.

 Өнегелі өмір иесі Есалы Тұрсынбаев 1962 жылы Ташкент қаласында Ирригация институтын инженер мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Ақтөбе облысында бастады. 1967 жылы елге оралып, ауданның ауыл шаруашылығы саласының серпінді дамуына қомақты үлес қосты.

 Еңбек жолын Келінтөбе, Өзгент, Задарья кеңшарында қарапайым инженер-механик ретінде бастап, кеңшар директорлығы қызметін абыройлы атқарды. Елге еткен елеулі еңбегі ескеріліп, «Еңбектегі ерлігі үшін», тағы да бірнеше медальмен марапатталды. Кішіпейіл, ұстанымы берік, білікті ұйымдастырушы Есалы Тұрсынбаев ғибратты ғұмырында жұбайы Маруся екеуі 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Әке жолын жалғаған ұрпақтары бүгінде бір қауым ел. Сан салада абыройлы қызмет етіп, әке рухын асқақтатуда.

Айтулы шарада Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы алғы сөз сөйледі: – Қадірменді қонақтар, спорт сүйер қауым. Бүгін еңбек ардагері Есалы Тұрсынбай ағамызды еске алу турнирі өтіп жатыр. Білуімше, бірнеше жылдан бері өтіп келе жатқан игі шара. Есалы ағамыз көптің батасын алған, ұзақ жылдар совхоз директоры болып еңбек етіп, социалистік жарыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз атанған. Соғыс жылдарында еңбектің үлгісін көрсетіп, бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге әрқашан құрметіміз мол.

Спорт – қашанда елдің мерейін үстем етіп, ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелейтін құрал болып келген. Бүгінгі турнирге қатысушыларға сәттілік, шын мықтыларға жеңіс тілеймін, – деп спортшыларға сенім білдіре отырып, сәттілік тіледі. Елге елеулі қызмет еткен аға буын өкілдерінің есімін кеңінен насихаттап, ұрпақ санасына сіңіруді, жас ұрпақты салауатты өмір салтына бейімдеуді, оқушылар арасындағы достық қарымқатынасты нығайтуды мақсат тұтқан турнир жексенбі күні мәресіне жетті.

Жарыс деңгейі жылдан жылға жоғарылап келеді дейді ұйымдастырушылар. Өйткені, бәсекелестік бар жерде доданың қыза түсетіні жасырын емес. Сонымен сайыстың қорытындысы бойынша, қазақ күресінен 38 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды Сұлтан Нұрдәулет, 42 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды Нұрдәулет Тұрсынбай, 46 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды Қайдар Жұмабек, 50 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды Бақдәулет Төлепов, 55 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды Нұрымқожа Алдаберген, 75 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды Қошқар Батырхан иемденді.

Жарыста жеңімпаз және жүлдегер болған спортшылар ұйымдастырушылардың арнайы дипломы мен медаль және кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әсел Рзаева
20 қыркүйек 2022 ж. 1 372 0