Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде көтерілді
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы мен Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚТФ баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 42-ден 39-орынға көтерілді. Дмитрий Попко 194-інші, Михаил Кукушкин 204-інші (+8), Тимофей Скатов 211-інші, Денис Евсеев 338-орында тұр.
Елордадағы жарыстың финалына дейін жеткен Бейбіт Жукаев 473-тен бірден 447-ге жоғарылады. Бұл - Бейбіт үшін жеке рекордтық көрсеткіш.
Жұптық сынға келер болсақ, Андрей Голубев 43-інші, Александр Недовесов 62-інші, Григорий Ломакин 205-ші орынға жайғасты.
Әйелдер арасында Елена Рыбакина 23-ші орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 39-ыншы, Зарина Дияс 243-ші сатыда тұр. Жұптық сында Анна Данилина 19-шы орынға қайта оралса, Жібек Құламбаева 259-ыншы, Гөзал Айнитдинова 445-інші орында келеді.