№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жеңімпаздар олжалы оралды

Жеңімпаздар олжалы оралды


Сәуір айының екінші аптасында Байқоңыр қаласында 2009-2012 жылғы туылған жасөспірімдер арасында жасөспірімдер мен балалар спорт мектептері арасында бокстан облыстық турнир болып өтті. Бұл турнир алда болатын республикалық турнир алдындағы іріктеу болатын. Турнирде облыс бойынша 7 аудан мен екі қаладан келген 16 командадан 126 жасөспірім бақ сынады. Турнир 24 келі салмақ дәрежесінен 52 келіге дейінгі 12 салмақ категориясы бойынша өтті. №17 жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің 14 өрені қарсыластарымен қолғап түйістірді. 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальды қанжығасына байлаған жерлес жасөспірімдер командалық есепте жүлделі екінші орынды иемденді.


Осы турнирге жаттықтырушылар Еркебұлан Убайдулла мен Ақберген Әбдәшімнің алып барған өрендері жұма күні оралды. Оларды күтіп алуға тек ата-аналар ғана емес бокс десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер жиналды. Перронда атақты шоумен Есқара арнауын айтып, жиналған жұртшылық көңілін көтерсе, күтушілердің ең жасы үлкені Дариха әже оларға ақ батасын беріп, келешекте мұнан да жоғарғы табыстарға жетулеріне тілектестігін жеткізді.
Еркебұлан мен Ақбергеннен тур­нирдің қалай өткендігі жөнінде біз де сауал тастап үлгірдік.
– Біз турнирге 12 салмақ категориясы бойынша боксшыларды қойдық. Әр жасөспірім 3-4 кездесуден өткізіп қарсыластарымен қолғап түйістірді. Үшеуі жартылай финалда, ал төртеуі финалда бақ сынады. Осы төртеудің үшеуі қарсыластарынан басым түсіп бірінші орынды иемденсе, біреуі ақтық сында қарсыласына есе жіберіп жүлделі екінші орынды қанағат етті, – деді олар.
– Әбдәшім, енді осы жеңімпаздар туралы таратып айтсаң.
52 келі салмақ дәрежесінде Оразбек Асылан, 38 келіде Төребек Рахман мен 34 келідегі Кәрібай Қайсар жүлделі үшінші орынды иемденсе 26 келі салмақтағы Бектөре Бекарыс финалдық айқаста байқоңырлық өренге есеп бойынша есе жіберіп екінші орынға тұрақтады.
Бабаларымыз "Күші жеткен алып та жығады, шалып та жығады" демекші, 34 келі салмақта соңғы шайқасқа шыққан Мағжан Отарбай қармақшылық Жасұланұлының, 36 келі салмақтағы Төленді Ердәулет ақтық айқаста байқоңырлық Алдағалиевтің жолын кессе, +52 келі салмақтағы Бахадур Абдусамат шешуші сәтте байқоңырлық Рахмановтан айқын басым түсіп турнир жеңімпазы атанды.
Өзіңізге белгілі, бізде бокс соңғы кездері ғана кеңінен қанат жайып келеді. Бұл тұрғыдан алғанда негізгі финалға жолдама алған спортшылардың басым көпшілігі, өзіндік мектебі қалыптасқан Байқоңырлықтар екенін арнайы атап өткім келеді. Бокс жүректілердің ойыны. Бокста орын алатын нокауд жасөспірімдер мен 60-70 келі салматағылар арасында өте сирек кездеседі десек, бұл жасөспірімдер арасында сенсация болған №169 Илялетдинов атындағы орта мектептің 5-д сыныбының оқушысы Ердәулет Төлендіні ерекше бөліп атаған болар едім. Менің әріптесім Нұрбол Исаев жаттықтыратын Ердәулет өжеттігімен ерекшеленеді. Содан да болар ол өзінің әр кездесуде бірінші раундттың бірінші минутында – ақ аяқтап отырды. Ол бірінші кездесуін небәрі 15 секундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал соңғы кездесуінде қарсыласына бір де бір ұпай бермей 3-0 есебімен таза жеңіске жетті. Негізінен Ердәулеттен келешекте мықты боксшы шығарына сенімім кәміл.
Ендігі үміт осы өсіп келе жатқан жастарда, олардан күтеріміз көп, болашақтары жарқын. Олардың ара­сынан еліміздің көкбайрағын желбіре­тер ұлан шықпасына кім кепіл.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК,
Суретте оңнан солға қарай: Ердәулет Төленді, Абдусамат Бахадур және Мағжан Отарбай

20 сәуір 2022 ж. 381 0