№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Әйелдер арасында волейбол және дартс спорт түрлерінен жарыс өтті

Әйелдер арасында волейбол және дартс спорт түрлерінен жарыс өтті


8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде волейбол және дартс спорт түрлерінен дәстүрлі жарыс өтті. Шараға университет бойынша 100-ге жуық қызметкер қатысты.

Сайыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы байланысты нығайту, бұқаралық спортты дамыту.
Екі күнге созылған турнир жеңімпаздарын марапаттау салтанатына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай, оқытушы-профессорлар, білім алушылар және БАҚ өкілдері қатысты.
– Университетте профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің 70 пайызға жуығын әйелдер құрайды. Оқу орнының дамуына, кәсіби білікті маман даярлау ісіне нәзікжанды әріптестеріміздің қосқан үлесі ерекше. Бүгінде әлем бойынша әйелдер қауымы әлеуметтік-экономикалық салалардың барлық бағыты бойынша елеулі еңбек етіп жүр.
Спорт – саулықтың кепілі. Сіздердің салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуларыңыз – жастарға үлгі-өнеге, – деді Жандос Базартай.
Жарысқа қатысушылар сайыстың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
– Оқу орнында қызмет еткеніме биыл 27 жыл толмақ. Жұмысқа қабылданған алғашқы жылдардан бастап қазірге дейін волейбол жарыстарына тұрақты түрде қатысып келемін. Биыл да спорттық шара өте тартысты болды. Ректорат құрамасы алғашында Экономика және құқық институтынан, одан кейін Дәстүрлі өнер институтынан 2:0 есебімен басым түсті. Финалда Инженерлі технологиялық институтының құрамасымен кездесіп, нәтижесінде ІІ орын иелендік, – деді ректорат құрамасының капитаны, университеттегі оқу бөлімінің әдіскері Гүлсім Мусаева.
04 наурыз 2022 ж. 1 052 0