№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ПРОФЕССОРҒА КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ

ПРОФЕССОРҒА КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ

    
 
Бүгін Қызылорда қаласында аймақтағы тұңғыш техника ғылымдарының кандидаты Базарбек Қашқынбаев атына көше берілді, деп хабарлайды университет медиа орталығы.

      Қызылорда қаласындағы Саяхат-5 көшесі енді ғалым-ағартушы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Базарбек Қашқынбаев есімімен аталатын болады. Шараның ашылуына қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, ҚР Парламенті Сенаты әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің  төрағасы Мұрат Бақтиярұлы және техника ғылымдарының докторы, Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» Қылышбай Бисенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазыбай Құдайбергенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай, профессор-оқытушылар, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
     «Ұлағатты ұстаздың есіміне құрмет көрсетіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Қызылорда облыстық мәслихатының шешімімен Қызылорда қаласынан Қашқынбаев Базарбек Қашқынбайұлы  атына көше берілді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде профессордың атында арнайы дәрісхана бар. Ғылымдағы салған сара бағыты мен ізденістері жалғасын табуда. Қазіргі таңда облысымызда білім және ғылым саласында қызмет еткен тұлғаларды насихаттау жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз»,-деді Қазыбай Құдайбергенов.
20 тамыз 2021 ж. 523 0