Аяқдопшылардың алтыны
Жаңақорғандық жерлестерін ұстаздар да Алатау баурайында алтынмен қуантып, сүйіншіледі. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі мен Тұңғыш Президент күніне орай «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін футзалдан республикалық турнирде Жаңақорған ауданынан барған «Қайрат» командасы чемпион атанды. Педагогтардан құралған команда спорт жанашыры, білікті бапкер марқұм Қайрат Оралбековтің атынан барып, аудан абыройын Алатау төрінде асырып қайтты.
Қаскелең қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен турнир спорт саласының үздігі, грек-рим күресінен спорт шебері, каратэ спортынан құрметті І дан иегері, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының шеф-редакторы Жандос Аянбекұлының 40 жасқа толу құрметіне арналды. Дүбірлі додаға арғысы Маңғыстау мен Қызылордадан бергісі Түркістан мен Алматы облыстарынан бірнеше команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
– Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұстаздар арасында ұйымдастырылған футзал ойыны үлкен футбол ойынына ұласып, ұстаздар қауымы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын дәрежеге жетуді нәсіп етсін! Ұстаздар қауымының мәртебесін көтеріп, алыс-жақыннан команда жинап, республика көлемінде жарыс өткізу үлкен еңбекті қажет етеді. Сол еңбегіңіздің жемісін көріңіздер демекпін. Жарысқа келген баршаңызға сәттілік тілей отырып, бұл бәсекеде шын мықтылар оза шапсын, – деп Алматы облыстық маслихатының депутаты Елдос Үшкемпіров жылы лебізін білдірді.
Оразалы Тасболатов бастаған жігіттердің құрамында Ғалымжан Әділханов, Сәкен Нұрділлаев, Ерсұлтан Тасмұратұлы, Әлмахан Тұрдан, Жандос Ермахан, Бауыржан Артықбай және қақпашы Абулла Алайдаров сынды ұстаздар қауымы доп тепті.
Сонымен тартысты турнир басталды. Орекең бастаған жігіттер Шымкент, Алматы және жарыс фавориті Маңғыстау командасымен бір топқа түсті. Алғашқы ойында Шымқала жігіттермен жолықтық. Есеп 6:2, біздің футболшылардың пайдасында. Келесі ойын алматылық ұстаздармен, бұл ойында да 4 доп айырмашылығы тіркелді. Алматы педагогтары жаңақорғандықтарға 5:1 есебімен есе жіберді. Тек маңғыстаулықтар ғана ұпай бөлісті. Бұл ойында есеп ашылмады. Жартылай сында Алматы облысымен жолы түйісті, ойын тізгінін бастала салысымен қолға алған біздің ұстаздар бір гол жіберіп, тағы да 5 доп қарсылас қақпасына тоғытты. Көптің асыға күткен ақтық сынға да келдік, топта ұпай бөліскен қарсылас Маңғыстау облысы финалға сүрінбей өтті. Топтық кезеңде біздің жігіттерге төтеп берген маңғыстаулық ұжым бұл жолы 5:2 есебімен ұтылып, кубок Жаңақорған ауданының ұстаздарына бұйырды.
– Турнирдің дәрежесі жоғары, біз мұндай қарсыластарды күтпедік, жігіттер алаңда барлық күш-жігерін сарп етті. Келер жылы да келетін боламыз. Бұл жеңіс жерлестерге және Тәуелсіздік пен Елбасы күніне арнаймыз, – деді Оразалы ұстаз.
Жарысқа Қайрат Оралбековтың атынан қатысуды мақсат етіп, командаға жетекшілік жасаған Біржан Иманбаев пен Мұхтар Дүйсебековтің де еңбегі зор. Атымтай жаңалықты Біржан бірінші айтып, бізбен байланысқан еді. Қалай десек те, біздің жігіттер жарады.
– Үшқоңыр баурайында ұстаздардың басы қосылып, футзалдан өткен турнирге қолдау танытқан Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Молдахметұлына, алты Алашқа аты мәлім «Алаш прайд» промоутерлік орталығының президенті Данияр Қасқарауовқа, Алматы облысы ЖСШМ директоры Нұркен Қанатұлына, ұлттық спортымызды ұлықтап, келер ұрпаққа дәріптеп жүрген Аза қажы Албан бауырым бастаған достарым мен кәсіпкер бауырларыма алғыс айтамын. Алдағы уақытты ұстаздардың мерейін асыратын осындай намысты додаларды өткізуді дәстүрге айналдыру жоспарымызда бар. Жеңісті күндерде жолыққанша, – деп ағынан жарылып, демеушілік танытқан азаматтарға республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы, Қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессоры Мұсағали Тасқалиевтің атынан «Алғыс хаттармен» марапаттады.