№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған – облыс чемпионы

Жаңақорған – облыс чемпионы


Төрт күнге созылған ауыл спортшыларының «Алтын күз - 2021» ХХXIV облыстық спартакиадасы мәреге жетті. 1500-ге жуық спортшы спорттың 15 түрінен жүлделерді сарапқа салып, аудан абыройы үшін аламанда барын салды. Баскетбол, волейбол, футбол, гандбол, ат спорты мен қазақша күрес, гір тасын көтеру, қол күрес, асық спорты, тоғызқұмалақ пен шахматтан Сыр оғландары бағын сынады. Жалпы, командалық есепте 120 ұпай жинап, өзгелерден оқ бойы озған жаңақорғандық спортшылар аймақ чемпионы атанды. Жылда үздік үштіктен түспейтін жерлестеріміз бұл жолы алты ауданды артта қалдырып, алты спорттан қанжығаны алтынмен майлады.


Спорт дуамының ашылу салтанаты «Алтын күз-2021» мерекелік шарасымен жалғасты. Шараны аудан әкімі Руслан Рүстемов пен спорт басқармасы басшы­сының уақытша міндетін атқару­шы Жағыппар Тажмақанов ашып, саң­лақ­тарға сәттілік тіледі. Спортшылар шеруінде әрбір ауданның жетістіктері мен биылғы еңсерген белесі таныстырылды.
Сонымен ХХХІV рет жалауы жел­біреген спартакиаданы гір тасын көтерушілер мен қол күрес шеберлері ашты. Облыста озық біздің жігіттерге сәттілік сәл жетіспеді, қол күрестен күміс бұйырды. Президенттік көпсайыс, үстел теннисі, бес асық, асық ату, футболдан жүлдеге іліне алмадық. Теңге ілу мен шахматтан қоланы қанағат тұттық. Ал, волейбол мен баскетболдан екі алтын, екі күміс біздің жастарда болса, көкпар, аударыспақ пен қазақ күресінен ешкімге дес бермедік. Жалпы 6 алтын, 4 күміс және 2 қоламен алтын тұғырдан көріндік.
– Спортшылардың дайындығы жақсы болды, олардың өнерін аудан жұрты тамашалады. Қолдау білдіріп, демеп отырған жанкүйерлерге мың алғыс. Командалық, жекелей сында да спорт­шылар барын салды, кем-кетіктер болды. Дегенмен, біз күткен нәтиже орын алды, әрине бұл спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбегінің жемісі, маңдай терінің арқасы. Қол добынан облыс құрамасында біздің қыздар алда, ат спортынан аймақ абыройын асырып жүрген де біздің жігіттер. Волейбол мен баскетболдың нәтижесін көрдіңіздер, балуандар да биыл бабында. Жалпы жарыс жоғары деңгейде өтті, бұл спартакиада спортшылардың шабытын шыңдап, белесн бағдарлап алады. Бұйырса, келер жылы да осы тұғырдан таймауға жұмыс жасайтын боламыз, – деді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмуд Рахымжанов.
Аудан спортының бұл бірінші жеңісі емес, 2019 жылдың қорытындысымен жаңақорғандықтар тұғырдың биігінде болды. Былтыр карантиндік шараларға байланысты жарыстар тоқырап қалғаны рас, міне, биыл сол екі жыл бұрынғы жетістікті қайталай алдық. Бұл жартысы ғана, спартакаиадаға кірмейтін спорт түрлерінен жыл соңына дейін жүлделер күтеміз.

03 қараша 2021 ж. 403 0