№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Спорт сүйер қауым, Жаңақорғанда белбеу күресінен ел чемпионаты өтеді

Спорт сүйер қауым, Жаңақорғанда белбеу күресінен ел чемпионаты өтеді

Жаңақорған ауданында 10-11 шілде күндері 2004-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Дүбірлі бəсекеге еліміздің 12 облысынан 200-ге жуық спортшы 17 салмақ дəрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Жарыс нəтижесінде 4-8 қыркүйек аралығында Қазан (Ресей) қаласында өтетін Əлем чемпионатына спортшылар іріктеледі.
Қызылорда облысының намысын 34 спортшы (20 ұл, 14 қыз) қорғайды.
Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасы, Жаңақорған ауданы əкімдігі, облыстық белбеу күресі федерациясы.
10 шілде күні сағат 9.00-де жарыс басталса, 12.00-де салтанатты ашылуы өтеді.
Ел чемпионатында бас төрешілік қызметті атыраулық, халықаралық дәрежедегі төреші Асылбек Қалиев атқарады.Жарыс карантин талаптарын сақтай отырып, көрермендерсіз өткізілетінін ескертеміз.
10 шілде 2021 ж. 935 0