Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» Балуандар бозкілем төрінде

Балуандар бозкілем төрінде


Қызылорда қаласында қазақ кү­ре­сінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. «Евразия» спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне 500-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесінде шеберлік сынасады. Сыр өңірінің намысын 40 спортшы қорғайды.

Дүбірлі бəсекеге елдің тəжірибелі балуандары қатысады, олардың қатарында қазақ күресінен 4 дүркін Əлем чемпионы Айбек Нұғымаров, Əлем чемпионы Мұхит Тұрсынов, 2 дүркін Əлем чемпионы Ғалымжан Абдрахманов, Азия чемпионы Мақсат Исағабылов пен Нариман Тұтқы­шев, Қазақстан чемпионы Нұрым Сəлімгереев те бар. Ал біз 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жерлесіміз Меруерт Әбубәкірден алтын күтеміз. Жанкүйер болайық.
---
13 қараша 2019 ж. 1 382 0