№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Спорт ардагерлері Азияны бағындырды

Спорт ардагерлері Азияны бағындырды


27-30 сәуірде Өзбекстан астанасы Ташкент шаһарында ардагер спортшылар арасында Азия чемпионаты өткен-ді. Сары құрлықтың кіл мықты спортшылары жиналған байрақты бәсекеден қос жаңақорғандық жүлделі оралды. Аудан әкімі Руслан Рүстемов оларды қабылдап, құрмет көрсетті.


– Ардагерлер арасында өткен гір тасын көтеруден Азия чемпионатында Серік Ибрагимов пен Айтмағанбет Асанбеков байрағымызды биіктетті. Серік ағамыз бұған дейін Еуропа және Әлем чемпионы деген атағына «Азия чемпионы» деген қосылды.
...Балуан Шолақ бабамыздың алып күш иесі болғанын тарихтан жақсы білеміз. Оған қоса, сөз өнерін меңгерген, ақындығы болған.
Айталық:
– Бұл күнде отыз бесте менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын, – дейді.
1 пұтта 16 келі десек, сонда 830 келіні көтерді деген сөз ғой! Балуан Шолақтың бұл рекордын ешкім жаңартқан жоқ. Осы Балуан Шолақ, Қажымұқанның дәстүрлі жолын жалғаған жерлестіріміз Азияны мойындатып, Әнұранды шырқатты. Бұл бүгінгі жастарға үлгі-өнеге, әрі бұқаралық спортты дамытатын жол, – деген ізгі тілегін білдірді Руслан Рүстемұлы.
Ардагерлер арасында әлемнің 4 дүркін, Еуропаның 9 дүркін чемпионы атанған Серік Ибрагимовтің бұл жетістігі заңды жеңіс. Себебі ағамыз спорттық дода алдында тыңғылықты дайындықтан өтіп, өзінің бабын келістіреді.
– Қызылорда облысынан он адам, біздің ауданнан Айтмағанбет екеуміз бардық. Жаттықтырушымыз Шыңғыс Азнабаев бізді жақсы дайындады. Еңбегіміз еленіп, жеңіске жеттік. Енді, қазан айында Будапешт қаласында Әлем чемпионаты өтеді. Соған дайындық үстіндеміз, – дейді Серік Ауханұлы.
40-44 жастағы ардагерлер арасында өткен бәсекеде Айтмағанбет Асанбеков қола жүлдені қанжығасына байлады.
– Шыдамдылықты шыңдап, сергектікті серпілтетін гір спорты арқылы өзімді бәсекеге қабылетті етуді мұрат еттім. Ташкентте бұйырғаны қола. Жаттығу залында еңбектеніп, ендігі турнирде алтынға ауыстыруға күш саламын, – деді Айтмағанбет Асанбеков.
Кездесу соныңда спортшыларға сәттілік тілеген аудан басшысы:
– Дені сау, даярлығы жан-жақты халық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосады. Сондықтан бұқаралық спорт бүгінгі Қазақстан қоғамын алға жетелеу және ұлттық стратегиялық мүдделерге жетуде маңызды рөл атқарады. Біздің ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамытуға жан-жақты жағдай бар. Сондай мүм­кіндікті пайдаланып, құрлықтық спорт бәсекесінде жүлде алған сіздерге рақмет! Алдымызда Токио Олимпиадасы. Сіздердің жеңісті жолдарыңыз жас спортшыларды жігерлендіреді әрі жұғысты болады деген ойдамын, – деп түйіндеді ойын.

Әсел РЗАЕВА
12 мамыр 2021 ж. 533 0