Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 72

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды

Ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды


Месси де, Роналду да әлемдегі ең қымбат футболшы емес. Қазіргі таңда жас талантты ойыншылардың трансферлік құны шарықтап тұр. Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) түзген жаңа рейтингке көз жүгіртелік.

Жоғарыда айта кеткен Месси мен Роналду әлемді мойындатқан футболшылар. Әлі күнге дейін тамаша ойнап жүргенмен, екеуінің де жасы ұлғайып келеді. Бұл – ойыншылардың трансферлік құнына әсер ететін басты фактор.
СІES рейтингінде Мессидің трансфері 54 миллионға бағаланған. 6 айдан кейін "Барселонамен" келісімшарты аяқталатын ойыншы рейтингте 97-орында тұр. Ал 35 жастағы Роналду трансферлік құны 47 миллион еуромен 131-ші орынға жайғасқан.
Сонымен дәл қазір ең қымбат ойыншы кім?

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) түзген айрықша сипаттағы рейтингте ең қымбат футболшы – Маркус Рэшфорд. "Манчестер Юнайтед" командасы ойыншысының трансферлік құны 165,6 миллион еуроға бағаланып отыр.Екінші орында – Эрлинг Холанд. Дортмундтың "Боруссия" клубында ойнайтын шабуылшыны сатып алу үшін 152 миллион еуро шығындану керек.Үздік үштікті "Ливерпуль" командасының қорғаушысы Трент Александер-Арнольд түйіндеген. Оның трансферлік құны 151,6 миллион еуро деп көрсетілген.Осыған дейін СІES рейтингінде көш бастап келген Килиан Мбаппе 5-ші орынға сырғыған. Қазір оның бағасы 149,4 миллион еуроны құрап отыр.

Ең қымбат ойыншылар ондығы:
1. Маркус Рэшфорд ("Манчестер Юнайтед") — € 165,6 млн
2. Эрлинг Холанд ("Боруссия" Дортмунд) — € 152 млн
3. Трент Александер-Арнольд ("Ливерпуль") — € 151,6 млн
4. Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед") — € 151,1 млн
5. Килиан Мбаппе ("Пари Сен-Жермен") — € 149,4 млн
6. Джейдон Санчо ("Боруссия" Дортмунд) — € 148,3
7. Жоау Фелиш ("Атлетико") — € 141,5 млн
8. Альфонсо Дэвис ("Бавария") — € 139,2 млн
9. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити") — € 136,9 млн
10. Кай Хаверц ("Челси") — € 136 млн.

08 қаңтар 2021 ж. 1 442 0