Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Стадион жаңарды, жаңғырды!

Стадион жаңарды, жаңғырды!


Жаңақорған ауданы футболмен мақтана алады. «Сығанақ» футбол командасының ойыншылары республика көлемінде танымал. Аға буыннан бастап мектеп оқушыларының жеткен жетістіктері жетерлік. Мәселен, 2019 жылы аудан оқушылары «Ұлттық мектеп лигасының» чемпионы атанды. Мұндай көрсеткіш Сыр өңірінде біздің ауданға ғана тиісілі. Осыдан-ақ аудан футболының деңгейін бағамдауға болады. Сондықтан орталық стадионның қайта қалпына келтірілуі жаңақорғандықтарды қатты қуантты.
Өңір басшысы Гүлшара Наушақызы арнай стадионға ат басын бұрып, жаңарған стадионды көрді. Спортшыларға жеңісті күн тілеп, аудан тұрғындарының көптен күткен қуанышына ортақтасты.
Кезінде асар әдісімен салынып, тозығы жеткен стадионның сәні мен салтанаты келісті. Енде республикалық жарыстарды қабылдай алады. Мұнда тек футбол ғана емес, алдағы уақытта жеңіл атлетика спорты да қайта еңсе көтереді деген сенімдеміз.
Сәттілік спортшылар!
27 желтоқсан 2020 ж. 2 446 0