№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеңісті күндері алда

Жеңісті күндері алда


Еркін күрестен ересектер арасынан ел намысын қорғап жүрген жеті бірдей жаңақорғандық балуан болса, олардың шыққан биігі бір төбе. Соның арасында ауыр салмақта белдесетін Нұржан Өмірбековтің есімін ерекше атауға болады. Республикалық, халықаралық бәсекелі жарыстарда жүлделі оралып жүрген балуанмен сұхбаттасудың сәті түсті.


Алдымен балуанның өмір жолынан бастайық. №163 мектепте білім алады. 2003 жылы әкесі күрес залына алып келіп, Ильман Изатовтың тәрбиесіне береді. Осы күннен бастап Нұржанның бозкілемдегі дәурені басталды.
– Ильман ағай күрес әдістерін үйретіп, бір жылдай дайындады. 2004 жылы аудандық турнирде бағымды сынадым. Жарысты 3-ші орынмен түйіндедім. Күреске деген қызығушылығым сайын артып, аудандық жарыстарда чемпион атана бастадым. 2005 жылы бапкерім Қызылорда қаласындағы спорт интернатқа түсуімді ұсынды. Содан Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спорт интернатына қабылдандым. Онда жаттықтырушылар Жанболат Ілиясов, Еламан Мұратовтан күрестің қыр-сырын меңгере бастадым, – деді балуан.
2008 жылы 17 наурызда облыста дара атанып, Қазақстан чемпионатына жолдама алады. Елдің кіл мықты балуандары жиналған додада үшінші орын алады. Осы жарыстан кейін спорт мамандарының көзіне түсіп, болашағынан үміт күттіретін балуанның біріне айналады.
– 2010 жылы Ильман ағай «76 келіден 85 келі салмаққа ауыс» деді. Бапкерімнің бағыт-бағдары дұрыс болды-ау, Қазақстанда қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионатына жолдама алдым. Тайландта өткен Сары құрлықтың бәсекесінде төрттікпен жарысты аяқтадым. Жартылай финалда иран, үшінші орын үшін болған белдесуде өзбек балуанына жол бердім. Бекахмет ағай Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға кеңес берді. Осылайша Түркістан қаласында жоғары оқу орнында білім алдым, – деді Нұржан Нұрланұлы.
Ресейдегі бәсекелі турнирдің бірі – Б.Сайтиев атындағы турнирге қатысып, қоланы қанағат етеді. 2012 жылы салмағын 85 келіден 96 келіге ауыстырып, жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанады. Осы жылдың қазан айында Шымкент қаласында С.Рахимов атындағы халықаралық турнирде жүлде алып, ҚР бас бапкері Манарбек бапкердің назарына ілініп, ол Жапония мемлекетіне оқуға түсуін ұсынады.
– Мен үшін өзге мемлекетте оқу киын болды, бір айдан кейін қайттым. Әкем Жапонияда оқуды жалғастыруымды қалады. Ал әжем елде жүргенімді құп көрді. 2013 жылы ересектер арасында Қазақстан чемпионатында үшінші орын алып, Ұлттық құрама сапына іліктім, әрі «спорт шебері» атандым. 2017 жылы Алматы қаласындағы армия орталық спорт клубына (ЦСКА) әскери қызметкер ретінде қабылдандым, – деді ол.
2018 жылы Мәскеуде өткен әскерилер арасындағы Әлем чемпионатынан күміспен оралды. Осыдан кейін Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанады. 2018-2019 жылдары Н.Абдиров, Курапаткин, Айқанов, Тамшыбаева турнирлерінде жүлдеге ілікті. 2016 жылы мамыр айында отау құрып, жұбайы Ақсәуле екеуі Айша, Муслим атты ұл-қызды тәрбиелеп келеді.
Нұржан Өмірбековтың спорттық жолы жалғасады. Сондықтан жеңісті күндер әлі алда. Ең бастысы, ата-анасы мен ұстазы артқан сенім ақталып келеді.

Әли ТЕМІРБЕК
05 тамыз 2020 ж. 595 0