» » Ауруханаға айналған стадион

Ауруханаға айналған стадион

Әлемдегі ең үлкен «Маракана» стадионы COVID-19 індетіне шалдыққандар үшін уақытша ауруханаға айналды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазір аренаға 78 мың адам сыяды. Бұрын оның трибуналары 20 мың адамды қабылдай алатын еді. 2014 жылы бұл стадионда Германия және Аргентина құрамалары арасында әлем чемпионатының финалы, сондай-ақ 2016 жылы жазғы Олимпиада және Паралимпиадалық ойындар өтті.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасы кезінде жаттығу орталығы болған Сан-Паулудағы Estádio do Pacaembu да медицина нысаны ретінде пайдалануға берілмек. Соңғы мәлімет бойынша Бразилияда COVID-19 вирусын 3477 адам жұқтырып, 93 адам өлімі тіркелген. Ал әлемде 723 мың адам жұқтырып, 34 мың адам көз жұмған.
30 наурыз 2020 ж. 589 0