№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛУАНДАРДЫҢ БАБЫ СЫНАЛДЫ

БАЛУАНДАРДЫҢ БАБЫ СЫНАЛДЫ


2019 жылдың басында Сүттіқұдық ауылдық округінде спорт кешені ашылып, жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануына жағдай жасалды. Кешенде спортты дамытудан бөлек, түрлі деңгейдегі турнирлер өткізуге болады. Сондай жарысты 2009-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен турнирде куә болдық.


Еркін күрестен тәлім алатын балуандарға спорт кешенінің меңгерушісі Гүлжайна Бураханқызы сәттілік тілеп, турнирді ашып берді. Жарысқа Сыр өңіріндегі спорт мектебі мен филиалдарынан 8 команда қатысты. 90 жасөспірім 10 салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтады.
Сүттіқұдықтың намысын 21 келі салмақта қорғаған Бағдаулет Ғазиз, 41 келіде Саят Баянбай, 48 келіде Дархан Өмірсерік бірінші орын алды. Жаңақорғандық балуандардан 23 келіде Нұрәлі Ғалымжанұлы, 26 келіде Рамазан Абдрахым, 29 келіде Жорабек Палмахан, 32 келіде Дархан Сұлтанбек, 38 келіде Заңғар Жұмаділдә қарсыластарынан басым түсіп, үздік шықты. Жалағаш ауданынан қатысқан Дінмұхаммед Қобыланды 35 келі салмақта, Ақүйік ауылдық округінің балуаны Мирас Асылбекұлы 52 келіден жоғары салмақта тұғырдың биігінен көрінді.
– Жарысқа тыңғылықты дайындалдым. Қарсыластарым жақсы дайындықпен келіпті. Бірақ ағайымның айтқан бағдарын дұрыс орындап, олардан басым түстім. Мақсатым – республикалық, халықаралық жарыстарда бақ сынып, орын алу, – дейді өзінің күресімен көпшілікті сүйсіндірген Рамазан Абдырахым.

Лаура БИБАСАРОВА
11 қаңтар 2020 ж. 508 0