№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерекше жандар екі күміс алды

Ерекше жандар екі күміс алды

Шыңғыс Азнабаев жаттықтыратын балғын қол күресшілер тағы да жүлдемен қуантты. Алғаш рет ұйымдастырылған қол күрестен мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер арасындағы спартакиада да қос жаңақорғандық күміспен оралды. Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық спартакиадада Нұрасыл Дәуренұлы мен Бауыржан Оразбаев жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұл олардың алғашқы баспалдағы болатын. Екеуі де күміспен қуантты. Енді дайындықты үдететін боламыз. Наурыз айында ҚР чемпионаты өтеді. Соған осы бастан дайындалу керекпіз. Сәтін салып, алтын еншілесек одан кейін Азия чемпионаты күтіп тұр. Сондықтан уақыт оздырмай жаттығуды бастап кеттік, – деді Шыңғыс бапкер.
Қос өреннің де спортқа келгеніне көп уақыт өтпесе де алғашқы биігін бағындырып отыр. Елдің әр өңірінен келген қол күресшілердің арасынан екінші орынды алу үлкен жетістік әрине. Бұл сында көбіне Солтүстік Қазақстан білекті оғландары мықты келеді екен. Соған қарамастан Нұрасыл мен Бауыржан да жүлдеге ілікті.
– Біздің басты мақсатымыз – жүлде алу болды. Жаттығуда қолданып жүрген әдістерді жарыс барысында пайдалана алдық, тек ақтық сында есе жіберіп қойдық. Енді осы кеткен қателікпен жұмыс жасайтын боламыз. Бізге қолдау көрсеткен жерлестерге және бапкерімізге ерекше алғыс білдіремін, – деді Бауыржан.
Қос жүлдегерді аудан әкімі 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шарада арнайы құттықтап, табыс тіледі. Көптің алдында мерейлерін өсірді. Қазақта «Болар баланың белін бу» демей ме, сондықтан балғын армрестлингшілерді үнемі демеп, қолдау білдіріп жүру абзал.
Әли ТЕМІРБЕК
01 желтоқсан 2019 ж. 468 0