Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жексенбілік таң Генадий үшін жеңіспен басталды.

Жексенбілік таң Генадий үшін жеңіспен басталды.

Қазақстандық Геннадий Головкин АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.


Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуін сарапқа салды. Алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокаудқа жіберген Гена жеңістің ауылы алыс емес екенін көрермендеріне сездіргендей болды. Ал екінші раунда украиналық боксшы GGG-дің соққысынан қабағы жарылды. 12 раундқа созылған жекпе-жек төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшыға бұйырды.
Кіл мықтыны анықтайтын кездесу орын алғанға дейін осы жекпе-жектен Деревяченко 5 миллион доллар, ал Головкин 100 миллион доллардан аса қаржыны еншісіне байлайтыны айтылған болатын.
Бұған дейін Деревянченконың осы айқас үшін 5 миллион доллардан аса ақша алатыны айтылды. Головкиннің гонорары 100 миллион доллардан асады. Алдыңғы жекпе-жегін Головкин Нью-Йорк алаңында да өткізіп, канадалық Стив Роллсты жеңді.
Айта кететіні осы күні тағы бір жерлесіміз Әли Ахмедов пен қарсыласы Эндрю Эрнандес арасындағы жекпе-жек те тартысты өтті. 12 раундқа дейін барады деп белгіленген айқас алғашқы раундтың 30-шы секундта-ақ қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
Лаура БИБАСАРОВА
06 қазан 2019 ж. 875 0