Соңғы жаңалықтар

№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

№26 (8840) 12

12 сәуір 2025 ж.

№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!

Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!

Сүйінші! Бүгін Нью-Йорк қаласы, «MADISON SQUARE GARDEN» аренасында қазақ елінің мақтанышы, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізді. Иә, көптен күткен Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқан Гена 12 раундттық жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіс тұғырынан көрінді. Алғашқы раундта нокдаун алған украиндық боксшы соңына дейін айқасып, мықты екенін көрсетті. Дегенмен жеңіс жерлесіміздің еншісінде.
Осылайша Гена орта салмақтағы IBF ЖӘНЕ IBO чемпиондық белбеуіне ие болды.
Айта кетейік, Головкин DAZN компаниясымен алты жекпе-жек өткізуге келімсімшартқа отырған еді. Бірінші жекпе-жегінде қазақстандық төртінші раундта канадалық Стив Роллсты нокаутқа жіберген болатын. Енді титулдық жекпе-жекте отандасымыз керемет өнер көрсетті.
Жеңіс құтты болсын, қазақ елі! Қуанышты сәттеріміз көп болсын, ағайын!
06 қазан 2019 ж. 732 0