Соңғы жаңалықтар

№35 (8849) 13

13 мамыр 2025 ж.

№34 (8848) 10

10 мамыр 2025 ж.

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Өндіріс өркендесе-өңiр де өрге бастайды

Өндіріс өркендесе-өңiр де өрге бастайды



Экономиканың басты тiрегi- өнеркәсіп. Өйткені, халықтың әлеуметтік әлеуетін жақсартуға өңдеу өнеркәсібінің ықпалы өлшеусiз. Жаңақорған ауданы өндіріс орындарына бай өңір.
Осы бағытта, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек, аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов аудандағы "Байкен - U" және "Қызылқұм" ЖШС
өндіріс орындарына арнайы барып, өндіріс орындарының жағдайымен танысып, инвестициялық жобалардың директорларымен кездесті.
Кездесу барысында, сала мамандарымен жан-жақты сөз қозғалып, өзара пікір алмасты.
Осы тұста, айта кетейік «Байкен-U» кәсіпорны облыста табиғи уранды өңдеп, тікелей экспортқа шығарып отырған компаниялардың бірі. Мұнда өндірілген уран бүгінде әлемнің көптеген елдеріне сатылуда. Бұл әлбетте, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінi анық.
Сол себепті де, бұл сапарда кәсіпорындардың өндірістік базаларында болып, өндіріс орнының жұмыс барысын аралап көрдік.
Аралау кезінде жауапты сала басшылары уранды жерасты ұңғылап шаймалау әдісі арқылы өндіру технологиясын дамыту бағытындағы жоспарларымен әрі өндіріс орнын кешенді дамытуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісті. Өйткені, бұндай игілікті істер өңір үшін маңызды.
Аудан әкімі өндірістегі экологиялық қауіпсіздік пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау шараларын назарда ұстау керектігін атап өтті.
Бұл өте орынды. Неге десеңіз, өндірістер дамуы та­биғаттың, қоршаған орта­ның тынысын тарылтпауы керек.
Осылайша, жұмыс сапарының қорытындысында өңірде көптеген істердің атқарылып жатқанына куә болдық.
27 ақпан 2025 ж. 106 0