№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛІМІЗДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ – БІРЛІКТЕ!

ЕЛІМІЗДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ – БІРЛІКТЕ!

«Еліміздің  тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады». Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев елдегі зиялы қауым, жастар және дін өкілдерімен жүздескенде осылай деді. Алқалы жиында қоғамдағы өзекті мәселелер тарқатылып, саяси мақсаттар төңірегінде халықтың пікірі тыңдалды.
Алдымен Түгіскен ауылының жұртшылығымен кездесіп, осындағы «Адал адам» мәдени тәрбие орталығы жұмысымен танысты.
Еске сала кетсек, «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығының жұмысы мәдениет үйлері мен клубтардың жанында жоба ретінде жүзеге асып келеді. Тұжырымдаманың мақсаты – елді мекендердегі халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдерді мәдени тәрбиемен қамту, олардың бос уақытында түрлі үйірмелерге қатысып, қабілетіне қарай белгілі бір кәсіпке бейімделуіне жол ашуды көздейді. Жобада «Кино-тайм», «Әлем BOOK» , «ART уақыт», «Жанұя шуағы», Еріктілер тобы, Сыр сұхбат, Креативті хаб және арнайы мамандардың қатысуымен медиация, кеңес беру бағыттары қарастырылады.
Осы басқосуда ауыл балаларының кітапханамен жүйелі байланысы оларды оқыған кітабы туралы талдап, тарқата білуінен аңғарылды. Мұны қалт жіберген мемлекеттік кеңесші Мәлік Отарбеков:
– Біз қаншалықты интернеті дамыған қоғамда өмір сүрсек те, білімнің негізі – кітапта. Сол себепті кітап оқуға дағдыланған өреннің білімі биік, ой-өрісі озық болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әр ауылда кітапхананың тынысын кеңейтіп, білім алушыларға түнгі мезгілде де кітап оқуға жағдай қалыптастыруды тапсырған болатын. Міне, соның алғашқы сәтті қадамына өзім куә болғаныма қуаныштымын, –деді.
А. Сопбеков атындағы орталық кітапхана директоры Әсемкүл Тлеубергенова осы айдан бастап кітапхана режимі өзгеріп, жұмысбасты жандардың кешкі мезгілде кітапханаға келіп, кітап оқуға болатынын сөз етті.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданның зиялы қауым өкілдерімен өрбіген көздесуде де елдік мәселелер екшеліп, қоғамды өрге бастырудың өркениеттік үлгілері жан-жақты сөз болды.
Президент кеңесшісі Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында көтерілген мәселелерге жан-жақты тоқталып, кең көлемде түсіндіріп өтті.
– Алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын өміршең тағлымның өрісін кеңейтіп отыруы міндеті. Іштен бөлініп белгілі бір тұлғаларды меншіктеу мақтанға соқтыратын жағдай. Шыңғыс ханның тегін дауға айналдырып жатуымыз, тіпті өмірден өтіп кеткен Алаш көсемдері мен қоғам қайраткерлері туралы керағар пікір, қайшылығын туандатқаннан не ұтамыз? Дәл осындай сөз тартыстарының ақиқатына жету қиын, жеткеннің өзінде ел ішіне іріткі салатын мұндай дау-дамайдың еш қажеті жоқ. Әр дәуірдің өз ерекшелігі бар. Әркім өзінің көзқарасына, дүниетанымына қарай және өзі өмір сүрген қоғамның мүддесіне сәйкес әрекет те алады. Оны таразылаған болып тарихи тұлағаларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Түптеп келгенде, мұның бәрі – біздің тарихымыз, – деген ол әлеуметтік желіде жиі кездесетін пікір білдірді.
Одан әрі ауданның зиялы қауым өкілдерімен ашық әңгімелесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сонымен бірге, жаңадан салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылысымен танысты.
Келесі кезекте Мәлік Отарбаев аудандағы дін өкілдерімен кездесіп, елімізде орын алған жағдайларға тоқталып, ішкі және сыртқы тұрақтылықты сақтауда имамдардың өзіндік рөліне де жан-жақты баға берді.
Мәлік Нұржанұлы құрылтайда ұлттық бірегейлікті сақтау тақырыбында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына тоқталып, ұлттық құныдылықпен қатар, мемлекеттік құндылықтарды көтеру, тарихымыздағы ұлы тұлғалардың еңбек жолдары мен ел үшін жасаған ерліктерін, батырлығын, даналығын дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.
 Жаңақорған жастарымен жүздесу мәдениет үйінің ғимаратында аудан жастарымен кездесуге ұласты. Президент құрылтайдағы сөзінде: «Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш таған – озық әрі табысты елге айналудың басты кілті», – деп атап өткен болатын.
Мәлік Отарбаев кездесуде жастармен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген бастамалары мен ұсыныстары туралы әңгімелесті. Өз сөзінде Президент кеңесшісі құрылтайда айтылған мәселелерді жүзеге асыруда жастардың қосар үлесі зор екенін және осы бағытта қоғам болып ұйысып, бірлесіп жұмыс атқару қажет екенін айтты.
Кездесу барысында Мәлік Отарбаев жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, өз сөзінде Мәлік Нұржанұлы жастарға қолдау білдіру Президенттің басты назарында екенін жеткізді. Жиында барысында пайымды пікірлер айтылып, орнықты ұсыныстар ортаға салынды.
– Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек. Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады, – деп сапарын түйіндеді.
Мақпал МАРҚАБАЙ
15 маусым 2024 ж. 2 387 0