№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

№16 (8830) 1

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында "Қызылорда облысының жастар одақтары" қоғамдық бірлестігінің үйлестірумен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын-алу" №4 үлгілік базалық бағытын түсіндіру мақсатында Астана қаласының заң консультаттар палатасының кәсіби заңгері Н.Байменов Манап, Талап, Бесарық, Қосүйеңкі, Қыраш, Ақүйік, Шалқия елдімекендері тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Жиында сыбайлас-жемқорлыққа барудың салдарының өте ауыр болатыны, интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың алдын алу, қаржылық, құқықтық сауаттылық т.б. құқықбузышылықтардың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Сондай-ақ, жиында көтерілген өзекті мәселелерге жауаптар беріліп, еркін форматта пікір алмасты.

Сонымен бірге, тұрғындарға ақпараттық материалдары таратылып, халық көп шоғырланатын орындар мен хабарландыру тақталарында орналастырылды.

Түсіндіру шаралары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
17 тамыз 2023 ж. 1 331 0