№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұжырымдама жобасы

Тұжырымдама жобасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының тұжырымдама жобасы туралы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, ол бойынша ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылаулар, сондай-ақ дебаттар өткізілді.
Консультативтік құжатты жария талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы шешім қабылданды". Атап айтқанда, Тұжырымдама жобасында мыналар ұсынылады.
Ұлттық тұтынушылар қауымдастығының жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз құру, мемлекет тарапынан Ұлттық тұтынушылар қауымдастығына жеткілікті қаржылық қолдауды заңнамалық түрде бекіту және сот қанағаттандырған талаптар бойынша тұтынушыға өтелетін сомадан тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне сыйақылар есептеу жөніндегі тұжырымдаманың негізгі жобасында көзделген нормаларды азаматтық заңнамамен үйлестіру.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 2-бабының 2-тармағына сәйкес тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де көрсетілетін қызметтер саласындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді, яғни заңда жазылған базалық қағидаттар жоғарыда көрсетілген қызмет салаларына қолданылмайды. 
Осыған байланысты тұтынушының құқықтарына қысым жасайтын шарт талаптарының жарамсыздығы жөнінде, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің салааралық үйлестіруді күшейту бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін үйлестірудің, жекелеген салалардағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттарын, азаматтық заңнаманың нормаларына Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын үйлестіру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Байланыс туралы», «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын қоса алғанда, тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады.
Сонымен бірге, салалық реттеу мен тиісті мемлекеттік органдардың құзыретін сақтай отырып, Заңның коммуналдық, медициналық (фармацевтикалық), көлік, туристік және өзге де көрсетілетін қызметтер салаларына олардың бейіндік заңнамалық актілерінің нормаларына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісуді енгізу арқылы Заңның базалық қағидаттарын тарату керек.
Сондай–ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінен (бұдан әрі-ҚР АІЖК) ҚР АІЖК-нің 31-бабының төртінші бөлігінде көзделген норманы алып тастау ұсынылады, өйткені бұл норма ҚР АІЖК-нің 30-бабының тоғызыншы бөлігіне қайшы келеді, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап арыз талапкердің тұрғылықты жері не шарт жасасу немесе шартты орындау орны бойынша қойылуы мүмкін.
Әлемдік коронавирустық індет электронды сауданы дамытудың драйверіне айналды. Онлайн саудаға мұндай көшу кәсіпкердің адалдығы мен тұтынушының сеніміне негізделген тұрақты тренд болуы мүмкін.Сонымен бірге, тұтынушылар әлеуметтік желілерде алдау мен алаяқтыққа жиі ұшырайды. Мысалы, теріспиғылдағылар әлеуметтік желілерде аккаунтты құрып, оны нарықтағыдан төмен баға белгілеумен (жеңілдіктер мен жаппай сату ұсынысымен), сондай-ақ 100% алдын ала төлем опциясымен ойдан шығарылған өніммен толтырады. Сонымен қатар, тапсырыс төленгеннен кейін тауар сатып алушыға жетпейді, ал әлеуметтік желідегі аккаунт жоғалады.
Осыған байланысты, электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын пәрменді қорғау үшін сатушыларды әлеуметтік желілерде мемлекеттік порталдарда ерікті тіркеу тетігін енгізу ұсынылады. Сатушы әлеуметтік желі бетінде өзінің сәйкестендіру нөмірін және сәйкесінше әлеуметтік желі бетіне сілтемені көрсетеді, оны сатып алушы белгілі бір мемлекеттік порталда тексере алады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) тауарлардың жария офертасы, сауда объектісі, электрондық коммерция, сауда, сауда алаңы және электрондық саудаға қатысушылар ұғымдарын айқындау бөлігінде тиісті өзгеріс енгізу қажет.
Осылайша, осы заң жобасын қабылдау тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру, мемлекеттік органдардың, соттардың, тұтынушылық дауларды соттан тыс реттеу институттарының, өзін-өзі реттеудің, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, заң консультанттары палаталарының және кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді өзара іс-қимылы мен қызметін үйлестіру түрінде оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
13 желтоқсан 2021 ж. 797 0