» » Сайлауалды бағдарламаның орындалу деңгейі қалай?

Сайлауалды бағдарламаның орындалу деңгейі қалай?

«NurOtan» партиясы Жаңақорған аудандык филиалы Саяси кеңесі бюросы мен аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасының 2021 жылдың 8 айда атқарылған жұмысы мен орындалмау қаупі бар индикатордың шешілу жолы қаралды. Бас партияның аудандық филиалының төрағасы – аудан әкімі Руслан Рүстемовтің төрағалығымен өтіп жатқан алқалы мәжіліске халық қалаулылары, сала басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Онда партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар талданып, нақты тапсырмалар берілді.
Бас партияның сайлауалды бағ­дар­ламасына енген халықтық жоба­лардың атқарылу деңгейі туралы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөілімінің басшысы Семсер Асенов баяндады.
– Бағдарламаның экономикалық тұрақты басымдығына 19 жоба енсе, 13-і орындалды, қалғаны орындалу үстінде. Жайлы аудан, әлеуметтік бағдарланған аудан», жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетті дамыту бағыты бойынша жүйелі жұмыстар бар. Дегенмен, 18 пәтерлік 2 тұрғын үй құрылысы орындалмау қаупі болса, аудан орталығынан 2 әлеуметтік дүкен ашуды сергектік таныту керек, – деді сала басшысы.
Партия филиалының төра­ғасы – аудан әкімі сайлауалды бағдарламасына енген жобаларға мониторинг жүргізіп, үнемі бақылап отыру маңызды екенін, өйткені партияның бағдарламасына халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыратын жобалар енгенін айтты.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
22 қыркүйек 2021 ж. 1 250 0