№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ДДҰ маска тағуға байланысты пікірін қайта қарады

ДДҰ маска тағуға байланысты пікірін қайта қарады

"Жаңақорған тынысы" Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) маска пайдалануға қатысты өз ұсыныстарын қайта қарады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мұның алдында ДДҰ масканы тек коронавирус жұқтырған науқастарға тағу ұсынылады деген мәлімдеме жасаған.
"ДДҰ вирус кең таралған және физикалық қашықтық сақтауға қиын соғатын жерлерде, мысалы, қоғамдық көлікте, дүкендерде және басқа да адам көп жерлерде маска тағуға кеңес береді", - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус брифингте.

ДДҰ вирус белсенді таралған аудандарда және физикалық қашықтық сақтау мүмкін емес жерлерде созылмалы аурулары бар және 60 жастан асқан адамдарға маска тағуды ұсынады. Сондай-ақ, масканы барлық медицина қызметкері тағуы тиіс.
ДДҰ ұсынымдарында вирустан тиімді қорғану үшін маска кем дегенде үш қабаттан тұруы тиіс екені жазылған.
06 маусым 2020 ж. 812 0