Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алмат Өскенбай: Маңызды науқан жауапкершілік жүктейді

Алмат Өскенбай: Маңызды науқан жауапкершілік жүктейді


– Ауыл халқының асыға күткен әкім сайлауы да басталды. Шыны керек, бұл науқан біздерге жауапкершілік жүктейді. Кейденнен әкім болуға үміткер ретінде 6 кандидат ұсынылды. Кім әкім болса да, бізге керегі ауылдың ертеңіне шырақ жағып, әлеуетін арттырып, жастарға демеу бола алатын жан болса дейміз, – деді ең жас дауыс беруші Алмат Нұралыұлы.
Иә, кейдендіктердің көңіл-күй көтеріңкі. Барлығының үміті ауыл күткен, ауылдың гүлденуіне жұмыс жасайтын әкім сайлау. Кейден тұсында «СКЗ-U» күкірт-қышқыл зауыты бар. Ал, тұрғындардың негізгі кіріс көзі – мал шаруашылығы. Негізгі мәселсі – аяқ су. Болашақ әкімге құлаққағыс болсын деп айтып жатқанымыз ғой.
– Алғашқы болып дауыс беруге келген екенмін, мәселе онда емес, бізге әділ сайлау керек. Мен өз таңдауымды жасадым. Бұйырса, біз күткен оң шешім шығатынына сенімдіміз. Біздің болашақ әкімге қоятын талабымыз біреу, ол – ауылды көркейту, кемелдендіру, –деді Жандосбек Сабырұлы.

25 шілде 2021 ж. 683 0