№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысындағы 40 ауылда әкім сайлауы өтеді

Қызылорда облысындағы 40 ауылда әкім сайлауы өтеді

Нақтырақ айтсақ Арал ауданында 12, Жаңақорғандағы 13 ауылдың тұрғыны өз әкімін таңдайды.
Талғатбек Әбдіқожа, тілші: - Әкім сайлауы Жаңақорған жұрты үшін жаңа белес. Саяси науқан бақандай 13 ауылда өтеді. Ол үшін 17 сайлау учаскесі құрылды. Барлығы керек-жарақпен жабдықталған. Комиссия мүшелері сайлаушылар тізімін нақтылап, үміткерлердің заңнама талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр. Әзірге 13 ауылды басқаруға 51 адам өтініш білдірген. 23-і саяси партиялардан. 28-і өзін өзі ұсыныпты.
Аудан бойынша кандидаты көп ауылдың бірі – Кейден округі. Бұл ауылдық округке екі елді мекен кіреді. Соның бірі – дәл қазір біз тұрған Кейден және осыдан 15 шақырым жердегі Аққұм ауылы. Қос елді мекенде жалпы саны 1,5 мың адам тұрады. Алақандай ауылды басқаруға 6 адам ниет білдіріпті. Олар жайлы жұрттың пікірі қандай? Тұрғындарды нендей мәселе толғандырады? Өздерінен сұрап білеміз.

- Жарық жоқ, жол, көріп тұрсыздар міне, өзім істедім мына жолды. Тазалық жоқ. Тал ектім дейді, ана жерге екі жыл болды, тал жоқ. Блиц 2: - Ауылға бірінші интернет құру керек, интернет нашар ұстайды. Екінші мәселе ауылға жаңадан келетін әкім ауылдың жастарын зауытпен, жұмыспен қамту керек. Көп адам жұмыссыз ауылда. Өзі 26-ны алақандай ғана жері бар малға жайылым. Соған мына көрші ауылдардың малы келеді. Соларды шығару керек келешек әкім. Блиц 3: - Келетін әкім ауыз суы, газы, жолы сол жағын дұрыстаса, Сосын мына іргемізде зауыт бар. Соны дұрыстап пайдаланса. Ауылдағы ахуалды біліп, әкім болуға үміткер азаматтарды іздедік. Барлығы осы өңірдің тумасы екен. Қазір сан салада қызмет істеп жүр. Бірін саяси партия ұсынса, бірі өзін өзі ұсынған. Бірақ алтауымен бірдей жолығуға мүмкін болмады. Үш үміткермен тілдестік. Сырлыбек Кенжебай, Жаңақорған кенті әкімдігінің салық жөніндегі бас маманы, үміткер: - Ауыл әкімін сайлау бірінші рет өтіп тұр ғой Қазақстанда. Сондықтан бірінші бастамасы дұрыс өтеді деген сенімдемін. Әрине, халық қолдап сайлағаннан кейін оның өзінің жүктемесі болады, өзінің жауапкершілігі болады. Өзінің мәселесі болады қоятын. Соған жұмыс істеу керек. Әлім Әлменов, Кейден ауылдық округі әкімдігінің салық маманы үміткер: - Халық сайлаған өте дұрыс, орынды деп ойламын. Өйткені халық өздері ұсынған кандидатын дұрыс бағалайды деп ойлаймын. Халық сенім артқаннан кейін әкім де халықтың сенімін ақтауға жұмыс жасайды. Бақтиярбек Тоқтыбаев, Кейден ауылдық округінің әкімі, үміткер: - Биыл әкімді халық сайлайын деп отыр. Сондықтан да бұл ең дұрыс жол болып тұр. Одан кейін халықтың әрқайсының өзінің қалауын білдіретін сайлау болып жатыр. Сондықтан осы сайлауға өз кандидатурамды ұсынып отырмын. Осы жағдайды пайдаланып, жақсы әкім сайлауға жұрт ниетті. Бірақ сын сағатта бұра шауып, туысының туын желбіретіп кететіндер де табылуы мүмкін. Ақсақалдар ағайын арасында алауыздық туа ма деп алаңдайтынын да жасырмады. Ауылдастарын ауызбірлікке, шыншылдыққа шақырды.
Зайыр Әбдіжаппаров, ауыл тұрғыны: - Өздерің қандай болсаңдар, басшыларың сондай болады деген. Ертең қандай екенімізді білеміз. Сайлаған басшымыз дұрыс болса, дұрыс болғанымыз. Дұрыс болмаса, бәрімізге сын. Сондықтан ауылдастарымды шақырамын, түгел өздеріңіз қалаған адамға барып дауыс беріңіздер. Әбжәлі Оразаұлы, ауыл тұрғыны: - Жақсы әкім сайласақ, өзімізге жақсы. Ертең халықтың қамын жейтін, елдің тірлігін алға жүргізетін адам болады. Ал енді ағайыншылыққа бұрып, әйтеуір осы ғой деп біреуді сайлай салсақ, ертең өзімізге қиын болады. Өйткені тірлікті ары қарай жүргізе ала ма, жүргізе алмай ма?! Айналып келгенде елдің қамын жейтін адам керек бізге. Тұрғындар өзі сайлаған адамға сенім артып қана қоймай, кемшін кеткен жерінде көмек көрсетуге әзір. «Әкім мен халық келіссе, Кейденде кедей қалмайды, ауыл ажарлана түседі», - дейді олар. Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Арман Ақшабаев

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/486255-yzylorda-oblysynda-y-40-auylda-kim-sajlauy-tedi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
17 шілде 2021 ж. 893 0