№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сайлау – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі

Сайлау – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі

2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы таңғы сағат 07.00-де басталды.
Жаңақорған ауданының халық саны – 84814 адам болса, оның 44074 сайлаушы. Бұған дейінгі сайлауларда жаңақорғандықтар белсенді қатысты. Мәселен, 2007 жылғы Парламенттік сайлауда аудан тұрғындарының 83,6 проценті, 2012 жылы 83,9 проценті, 2016 жылы 87,5 проценті өз таңдауын жасады.
2021 жылғы сайлауда аудан бойынша 42 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оның 4-і жабық сайлау учаскесі. Атап айтқанда, орталық аудандық аурухана, «Хорасан1» өндіріс кешені, «СКЗ-U» ЖШС, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ құрылды.
Айта кететіні, Орталық сайлау комиссиясы 5 саяси партияның тізімін тіркеген. Барлығы 312 кандидат, оның ішінде 19 үміткер «Ауыл», 126 адам Nur Otan, 16 адам ADAL, 38 адам «Ақ жол» және 113 адам «Қазақстанның Халық партиясының» атынан ұсынылған. Партия тізімдеріне 90 әйел және 222 ер адам енген. Ал 29 жасқа дейінгі кандидаттар саны – 19 адам.
10 қаңтар 2021 ж. 830 0