№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметшілер тынысы

Мемлекеттік қызметшілер тынысы

Мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына байланысты бір жақты пікір қалыптасып барады. Олай болатыны, мемлекеттік қызметкерге сыртқы ортаның сыны көп. Жүріс-тұрысынан бастап іс-әрекетіне, адами қасиетінен қоғамшыл қабілетіне дейін сүзгіден өтіп тұрады. Олай болатын да жөні бар. Себебі әдеп нормаларын сақтауда «Әдеп» кодексінің талабы да осы сыннан сүрінбеуге сабақтас, құқық бұзушылықты алдыналуға, өздерінің функциялары шеңберін де мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Бұл бағытта елеулі еңбек жоқ емес.
Қазір Жаңақорған ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда 207 штат бар, оның 10-ы бос орынқатарында. Жалпы, мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 41,5 жас болып отыр. Мұндағы бір артықшылық, соңғы жылдары қызметке жастардың тартылуы, олардың ықыласы мен қарым-қабілеті бізді қуанта бастады. Мемлекет мүддесін адалдық, міндетті қызметіне жауапкершілік күшейген кезде әдеп нормаларының сапалық саясаты да өседі. Сол үшін біліктілік деңгейін арттыру, қайта даярлау курстары ұйымдастырылады, одан азаматтар шыңдалады, тәжірибесі толысады. Одан бөлек жас мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызметке бейімдеу мақсатында тәлімгерлер бекітіліп, облыстық деңгейдегі салалық басқармалардан тағылымдамадан өткізу жүйесі қалыптасқан.
Әрине, Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларының сақталуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы әрекеттердің алдын алу жұмыстарын үйлестіру жатады.
Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірталас сайысы өткізілді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың оң жетістіктері туралы, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен мінез-құлық қағидаларын жетілдіру бойынша өрбіді.
Сайыста Жаңақорған ауданынан қатысқан команда «Бас жүлдені» жеңіп алды. Аудан атынан қатысқан команда құрамында аудан әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Жасұлан Бейсенбеков және аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы Марат Абсадықов өздерінің біліктілігі мен озық білімділіктерін көрсетті. Міне, бұл да біздің жетістік!
Сол секілді мемлекеттік қызмет қатарында отбасылық топтар да кездеседі. Бұлар жәй ғана топ емес, сындарлысыннан сүрінбеген отбасылық жастардың үлесін айтып отырмын. Мәселен, ерлі-зайыптылар Марат Әбсадықов пен Мейрамкүл Сәпиева және Дүйсенов Нұржан мен Жиенбаева Жайнаны үлгі етуге әбден болады.
Марат Әбсадықов аудандық әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінің бас маманы. Мейрамкүл аудандық қаржы бөлімінде бюджеттің атқарылуын бақылау және қорытынды талдау жасау секторының бас маманы лауазымын абыроймен атқаруда. Ал, Дүйсенов Нұржан Қосүйеңкі ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарып жүрсе, жұбайы Жиенбаева Жайна аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы. Аталған екі отбасындағы ерлі зайыптылар мемлекеттік қызмет саласының қиындығына мойымай және шуақты шаңырақтың шаттығын тең ұстап, жарасымды жұп ретінде көпке үлгі.

Бахтияр АХМЕТОВ,
Жаңақорған ауданы әкімі
аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл
04 шілде 2021 ж. 738 0