Іскерлік пен жауапкершілік
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамында «мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтарының алдын алу» туралы айтылды. Осы қадам негізінде ауданның мемлекет қызметшілері мен азаматтарға кеңес беру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда мемлекеттік жауапкершілікті мойнына алып, елдің дамуы мен өрлеуіне өз біліктілігі мен білімін сарп етіп жүрген жергілікті атқарушы органдардың штат саны – 217. Тарқатып айтар болсам, аудан әкімі аппаратында – 22, кент және ауылдық округтерде – 124, аудандық дербес бөлімдерде – 71. Ерлер 157 болса, әйел азаматшалардың саны – 52. Аудандағы жалпы мемлекеттік қызметшілердің ішінде 193 қызметкердің білімі жоғары, 16 арнаулы орта білімді маман. Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 41,5 жас.Мемлекеттік қызметтегі орташа қызмет өтілі 11 жыл алты ай, атқарып отырған қызметтеріндегі орташа өтілі – 4 жыл 2 ай.
Персоналдың білімі жетік, әрі біліктілігі жоғары болуына қолдау жасап, бағыт-бағдар беру де маңызды. Осы ретте, Жаңақорған ауданы әкімдігі бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру мәселесіне баса назар аударып келеміз. Жыл сайын жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметшілер арнайы оқу орталықтарында біліктілігін арттыру курстарына жіберілуде.
Әдеп – мемлекеттік қызметшілердің бет-бейнесі. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бойынша қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптары қойылған. Әдеп кодексін сақтау бойынша аудан әкімі аппаратының қызметкерлері арасында «дөңгелек үстел», сондай-ақ, Жаңақорған ауданының бірқатар дербес бөлімдері мен кент және ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жеке қабылдаулар өткізілді. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалында жеке қабылдаулар өткізілді.
Моральдық-әдептілік құндылықтарды ілгерілету арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттыру бағытында және «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» кітапшасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналысқа кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандағы мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексінің талаптарын жете меңгеру үшін мемлекеттік қызметкерлерге түрлі форматтағы құқықтық оқулар өткізілуде. Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесіп өткен 2019 жылында 4 рет Мемлекеттік қызмет, еңбек, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларға байланысты құқықтық оқулар өткізілді. Осы бағыттағы құқықтық оқуларды ауданда тоқсан сайын өткізу үрдіске айналған.
Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу, марапаттау шаралары да өткізіліп келеді. Өткен 2019 жылында 56 мемлекеттік қызметші аудан әкімінің, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттауға ұсынылған.
Ауданда мемлекеттік қызметшілердің бос уақытында спортпен айналысуына жағдай жасалынған. Атап айтқанда, аудан әкімінің бекітуімен аудандағы спорт залдарына мемлекеттік қызметшілердің тегін кіру кестесі жасалынып, барлық мемлекеттік қызметшілерге таныстырылып, әлеуметтік желілерге жарияланды. Оларға жұмыстан кейін спорт залдарында спортпен шұғылдануына мүмкіндіктер жасалынған. Спорттық сайыстар өткізіліп, мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық спартакиада жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Мемлекеттік қызметшілерге жүктеліп отырған ең үлкен міндет – білімді болу. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Сондықтан адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, біздің кәсіби шеберліктеріміз бен біліктіліктерімізге сенім артқан халықтың көңілінен шығу, жұртшылықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту әрбір мемлекеттік қызметші үшін қашанда ортақ абырой деп санаймын.
Нұрымжан Бұлдырықов,
аудан əкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы