Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыста жанар жағар-май қоры жеткілікті

Облыста жанар жағар-май қоры жеткілікті

Бүгінде мұнай өнімдері облысқа уақытында жеткізілуде. Мәселен аймақта АИ-92 маркалы бензиннің 2920,1 тонна, дизель отынының 2788,9 тонна қоры бар. Сондай-ақ, әзірге жанар-жағар майға тапшылық жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.
- Үстіміздегі жылдың маусым айында жанар-жағармайға уақытша тапшылық болды. Бұл еліміздегі мұнай өндеу зауыттарында жыл сайынғы жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуінен және тасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігінен орын алды. Алдағы уақытта Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты да жөндеуден өтеді. «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аталған мәселе өз шешімін табуда, - деді Фердоуси Әбілқасымұлы.
Бүгінде АИ-92 маркалы бензинінің орташа бағасы
171,8 теңге, дизель отыны 191,2 теңгені құрайды.

02 шілде 2021 ж. 932 0