№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов "Жаңақорған тынысы" газетінің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов "Жаңақорған тынысы" газетінің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов "Жаңақорған тынысы" газетінің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, газеттің қоғам алдындағы өлшеусіз қызметін сөз етті.


"Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар, өзгерістер, рухани, мәдени көзқарастар, сыни пікірлер ақпарат құралдары арқылы елге жетіп жатыр. Яғни, қандай да бір ақпарат құралының сөзі қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығы іспетті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «бұқаралық ақпарат құралы қоғамды алға жетелеудің басты дәнекері», – деп алғы сөзін жеткізген аудан әкімі Руслан Рүстемов газет өндірісіне белсенді атсалысып жүрген бір топ тілшілерге "Алғыс хатын" табыстады
Шараға газеттің ардагерлері, сүйікті оқырмандары, жанашыр тұлғалары қатысып тілегін жеткізді. Байырғы редактор Алмас Бекжігітов, ұстаз Зейнабдин Шермағамбетов жүрек жарды тілегін айтып, газетке оң бағасын берді.Ал, ақын Ерсұлтан Мұстафаев пен Ізәтілла Нәрзілдаев мерекелік арнауын оқыды.
28 маусым 2021 ж. 1 064 0